Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз, Наурыз!

Наурыз, Наурыз!

20 Наурыз 2015

Наурыз – жаңа өмірдің, бейбітшілікпен көктем мерекесі.

16 - наурыз күні студенттермен тәрбие және әлеументтік жұмыс бөлімінің қызметкері А.С.Машрапова СӨӨБК мейрімділік секторы студенттерімен бірге «Дамуында шектеулігі бар балалар үйі» ММ жеткіншіктеріне мерекелік көңіл - күй мен шаттық сыйлады, олар:  Д. Жабагенов (3-080 ЖМ), И. Пазылбек (1-007 Стом), Д. Бекмурзаева (2-082 ЖМ), Н. Байназар (4-013 ЖМ), К. Сейтмуровой (4-007 ҚДС), П. Мукатаева (5-026 ЖМ), М. Нурмагамбет (1-051 ОМ), Д. Ибайдуллаева (4-097 ЖМ) және А. Жумабекова (4-099ЖМ). Біздің студенттерімізді Наурыз мейрамын тойлауға шақырған болатын. Сәндеп безендірілген үлкен бөлмеде бізді мерекенің басты кейіпкерлері жеткіншектер үйінің– балақайлары күтіп отырды.

Қонақжай балалар үйінің қызметкерлері театрлық көрме ретінде мерекелік бағдарламамен қоса мерекелік дастарханды  ұйымдастырыпты.  Біздің студенттер де мерекеге қатысып отырғандарды мерекелік мәдени бағдарламамен қуантты: Диас Жабагенов және Ибрагим Пазылбек «Түркімен» күйін орындады, «Облака» және «Наурыз, Наурыз!» әндерін Диана Бекмурзаева және Нурлыайым Байназар шырқады, Карина Сейтмуратова және Перизат Мукатаева өзбек ұлтының биін биледі, сонымен қатар Әсель Жумабекова, Диана Ибайдуллаева және Маржан Нурмагамбет балалар белсене қатысқан ойын – сауық ойындарын жүргізді.

Мереке ақсақалдың батасымен және тәрбиеленушілер мен мереке қонақтарының орындауында қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биімен аяқталды. Барлық тәрбиеленушілерге университет атынан сыйлықтар мен тәттілер дәстүр бойынша мерекелік «қалта» табысталды.

А.С. Жумабекова ( 4-099 ЖМФ)

СӨӨБК қайырымдылық секторы


0
18515

пікірлер

пікір қалдыру үшін.