Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шебер қыздар шабыты

Шебер қыздар шабыты

20 Наурыз 2015

«Қыз бала қолынан өнері тамған болу керек» деген мақсатта, өзіміздің кезекті кездесуімізге ателье қызметкері, өз ісінің шебері Елизаветта Николаевнаны шақырдық. Ол осы ұсынысымызды естіген сәтте, қуана-қуана өз келісімін берді. Ол болашақ дәрігерлердің осылай жан-жақты болғысы келетініне қатты қуанды.

Біз жұмыс барысында бір-бірімізбен жақын танысып, өзіміздің «Ақжүніс» қыздар клубы жайлы, осы клубты құрғаннан бастап қандай жұмыстар жасағанымызды және де әлі алға жоспарлап қойған жұмыстарымызды айтып бердік. Өз кезегінде Елизавета Николаевна да өз жұмыс тәжірибесінде орын алған қызықты оқиғаларын айтып, қыздарымызды бір күлдіріп алды. Осы кездесуімізде біз тік белдемше жасауды шештік. Бір-біріміздің өлшемдерімізді алып, бір-бірімізге эскиз жасадық. Көзге оңай көрінгенмен, ол сабырлықты, нақтылықты талап ететін жұмыс. Алынған өлшемдерді дұрыс қосып, азайта білу керек екендігін түсіндік. Жұмыс соңында түйген ойымыз, жұмыстың оңайы жоқ, әр жұмыстың өз қиындықтары мен талаптары бар.

Бізге, яғни «Ақжүніс» қыздарына осы кездесу көп әсер қалдырды. Өз кезегімізде, Елизавета Никалаевнаға өз уақытын бөліп келгеніне және де осыншалықты жағымды әсер қалдырғанына алғысымызды білдіреміз.

Аталмыш кездесулер әрі қарай қыздарымыздың сан алуан өнерлерінің тууына түрткі болады деп сенеміз. Мүмкін, келешекте «Ақжүніс» әртүрлі эксклюзивті ұлттық киімдер шығарып, өздерінің тек қана әдемі де сұлу әрі ақылды ғана екендерін дәлелдеп қоймай, сонымен  өздерінің бес саусағынан өнер тамған шебер екендігін дәлелдеп жатар деген ойдамыз.


0
17792

пікірлер

пікір қалдыру үшін.