Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ардагерлерге күтім және серік қажет

Ардагерлерге күтім және серік қажет

18 Наурыз 2015

8 - наурыз қарсаңында ЫСК (Ынталы студенттер клубы) еріктілері нәзік жанды аруларды, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Бұл жолы клуб мүшелері В.Г. Архипованың, К.В. Петрованың, А.И. Пономаренконың, М.З. Сейсембекованың, Е.П. Сприндистің, Р.Г. Юрованың, Л.В. Баталованың, А.И. Коновалованың, Г.Ф. Кулыбекованың, Г.Н. Мусатованың, И.А. Рыковскойдің, М.А. Сыртанованың және А.В.  Шибарованың үйлерінде болып қайтты.

 

Әр ардагерге гүлдер тарту етілді. Құттықтаулар осы жандар үшін күтпеген сый болды және ешкімді бей-жай қалдырмады. Олар балаларды қуана қарсы алды және көңіл аударып келгендеріне ризашылықтарын білдірді. Алғыс ретінде ардагерлер тілек сөздерін атты және ақылдарын, өмірлік кеңестерімен бөлісті.

  Хамзина Айжан,

3-065 ЖМ тобының студенті,

ҚММУ ынталы студенттер клубының жетекшісі.


0
17759

пікірлер

пікір қалдыру үшін.