Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
А.К.С.Қ. (Ардагерлерге күтім және серік қажет)

А.К.С.Қ. (Ардагерлерге күтім және серік қажет)

18 Наурыз 2015

Биылғы 2015 жыл айрықша. Біздің халық, барлық прогресшіл адамзат сияқты фашизмнен құтқарған Жеңістің 70-жылдығын атап өтуде. Атаулы күннің құрметіне, тыл еңбеккері, 40-жылдық еңбек өтілі бар еңбек ардагері, тарихшы Ф.Х.Иксанова 17.04.2015 ж. Ұлы Жеңіске арналған көрмені ұйымдастыруды жоспарлауда.

11 - наурызда ҚММУ ЫСК (Ынталы студенттер клубы) Фархана Хасановнамен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты: ұйымдастыру жұмыстарын талқылау, көрмені өткізу жоспарларымен, ақпаратты жинау жұмыстары қағидасымен таныстыру, сонымен қатар еріктілер арасында міндеттерді бөлу.

Соғысқа қатысқандардың ұрпақтары, біз үшін, осы көрменің айрықша мағынасы бар.  Бұл ұрыс даласында қаза болғандарды еске алу. Бұл біздің тарихымыз және мақтанышымыз. Барлық ардагерлерден кейінгі ұрпақтың қасиетті міндеті – Ұлы Жеңіс туралы есте сақтау, еңбек майданындағы және Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін алғыс білдіру, ешбір есімді естен шығармау.

Хамзина Айжан

ҚММУ Ынталы студенттер клубының жетекшісі


0
17694

пікірлер

пікір қалдыру үшін.