Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Бауырсақ fiesta»

«Бауырсақ fiesta»

17 Наурыз 2015

14.03.15 Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №1 жатаханасында «Ақжүніс» Medical Lady Vitae ұйымдастырумен «Бауырсақ fiesta» өткізілді. Бұл мерейтойлық бағдарламада әр жатақхадан студенттер делегаттары, академиялық ұтқырлық бойынша келген студенттер, экономикалық-ұйымдастыру жұмысы жөніндегі проректор, жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы, инспекторлар, оқытушылар, кураторлар және т.б сыйлы қонақтар мерейтойымызды тамашалады. Мерейтойға дайындық қызу өтті.«Ақжүніс» Medical Lady Vitae мүшелері осы мерейтойға арнап түрлі бауырсақ пісірісіп, дастархан жайды. Бауырсақты дайындау, ашыту сияқты техникаларымен бөлісті. Дастархан қойылған бауырсақтар сан ерекшелігімен, дәмділігімен, түрлілігімен ерекшеленді. ҚММУ экономикалық-ұйымдастыру жұмысы жөніндегі проректор З.З. Бектұрғанов пен жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы Қ.Қ. Төлеубеков келген сәттен бастап, «Ақжүніс» Medical Lady Vitae президент мүшесінің сөзінен сөзінен кейін дәм тату басталды. Дәм тарту барысында «Ақжүніс» Medical Lady Vitae қыздары пісірген бауырсақ түрлерін атады. Төрт бұрышты шай бауырсақтарды Сейданова Арайлым, домалақ бауырсақтар туралы Мәденова Мөлдір, ши бауырсақтар және оның оңтүстіктегі домалақ, солтүстіктегі ұзын түрлерін Мукамарова Айсұлұ, деканға Қуатбек Қуанышбековичке арнайы арнап қыздарымыздың нәзік жүрегімен дайындалған жүрек пішінді бауырсақтарды Фатима Сұлтанқұлова, бауырсақтың бір түрі «ашыған шелпекті» Жазира Оралбекова ортаға салып, олардың ерекшеліктері туралы айтып, таныстырып қонақтарымызға ұсынды. Дәм тарту арасында «Ақжүніс» Medical Lady Vitae қыздарының қойылумен кішігірім концерт өткізілді.

Қыздардың пісірген бауырсақтарын қонақтарға таныстырғаннан кейін мерейтойлық концерт бастамасы ретінде Ибадуллаева Мейрамгүл «Той думан» әнін шырқады. Дастарханнан дәм тарту барысында академиялық ұтқырлық бойынша БГМУ УФА-дан келген Дмитрий Курсан студент біздің Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқу-білімі, мерейтойдан алған әсерлерін ортаға салып сөз сөйлеп, кішігірім «Наурыз» атты жазған өлеңін оқыды. Өздерінің разылығы ретінде біздің деканға кішігірім ұлттық мүсінді сыйға ұсынды. Концерттік бағдарлама «Қаракөз» халықтық шығыс би ансамблі мүшесі Ұлпанның орындауымен «Қызғалдақ» биі орындалды.

Би әсем орындалып, қонақтарымыздың көңілінен шықты. Шет ел азаматтары да шетте қалмай өз өнерлерін ортаға салып, біздің университет студенті Раджет «Tum Hi Ho» әнін айтты. Талантты да, өнерлі қыздарымыз Толепберген Алуа, Нурмағамбет Маржан «Қазақтың қыздары» атты әнін салды. Мерейтой соңына қарай жалпы медицина және стоматология факультетінің деканы Қ.Қ. Төлеубеков «Ақжүніс» Medical Lady Vitae қыздарына алғыс білдіріп, мерейтойдың көңілді әрі, қызықты өткенін айтып, кейін осындай мерейтойлық бағдарламалардың кең ауқымда өткізуге ұсыныс жасады. «Бауырсақ fiesta» соңы көңілді би кешімен аяқталды.


0
19350

пікірлер

пікір қалдыру үшін.