Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ақпарат хабар
Құрметті ҚМУ студенттері!

Құрметті ҚМУ студенттері!

26 Ақпан 2020

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі ҚР Білім және Ғылым Министрлігі мен Латвия Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі арасындағы білім, ғылым және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге сәйкес Латвия тарапынан 2020-2021 оқу жылында білім алуға шәкіртақы тағайындалатынын хабарлайды.

Оқыту шарттары:

1.  2020-2021 оқу жылының күзгі семестрі;

2.  Бағдарлама 3 курс бакалавриат студенттеріне; 1 курс магистратура студенттеріне және 1, 2 курс докторантура студенттеріне арналған;

3.  Құжаттарды тапсыру мерзімі - 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін;

4.  Ай сайынғы шәкіртақы: Бакалаврлар мен магистранттар үшін – ай сайын 500 EUR, докторанттар үшін – ай сайын 670 EUR;

5.  Оқыту ағылшын тілінде;

6.  Студенттер жатақханасынан немесе қонақ үйден орын ұсынылады;

7.  Ұшу билеттері мен медициналық сақтандыру төленбейді.

Толығырақ мәлімет алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне күнделікті сағ. 09-00-ден 18-00-ге дейін жүгінулеріңізді өтінеміз.


0
2835

пікірлер

пікір қалдыру үшін.