Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ақпарат хабар
Құрметті мектеп, лицей, гимназия, колледж және жоғарғы білім орындарының студенттері!

Құрметті мектеп, лицей, гимназия, колледж және жоғарғы білім орындарының студенттері!

31 Қазан 2019

Қарағанды медицина университеті Сіздерді 2020 жылдың ақпан айының 28-ші жұлдызында өтетін университет аралық «Рухани жаңғыру-Ұлы даланың ұлы есімдері» атты ғылыми-теоретикалық конференциясына шақырады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1  Қазақстан білім беру жүйесіндегі ХАӘ - нің көрінісі. 

2  Қазақ ағартушылары  шығармаларындағы рухани мұраның тәрбие аспектілері.

3  Өнер және мәдениет: кеше және бүгін.

4  Қазақстан мақтаныштары.

Конференция тілі: қазақ,орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 1 ақпанына дейін  файлдармен бекітілген төменгі аталған материалдарды ұйымдастыру комитетіне e-mail бойынша conference_kmu2020 @mail.ru жіберу қажет:

-мақала мәтіні (рәсімдеу үлгісі қоса беріледі);

- конференцияға қатысуға өтінім (нысаны қоса беріледі);

Конференция нәтижелері бойынша жинақтың электронды нұсқасының басылымы жоспарланады (тегін).

Конференцияның тақырыбына сәйкес келмеген, сонымен қатар көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған мақалалар, конференция жұмысының шеңберінде қарастырылмайды.

Қатысу формасы-іштей: баяндама жасап сөз сөйлеу (қатысушы сертификаты).

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Жіберілген мақалалар мұқият өңделген және келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

-  баяндаманың көлемі- А4 5 беттен артық емес А4  (кестелер мен суреттерді қоса);

-  шрифт – Times NewRoman, Kz Times New Roman, кегль 14;

-  шегі – жоғары және төмен– 2 см, сол жағынан – 3 см, оң жағынан – 1,5 см;

-  жоларалық интервал – бір жарым;

-  азат жол басындағы бос жер – 1,25см.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

МАҚАЛАЛАР АТАУЫ

М.И.Иванова, И.И.Петров

(ғылыми жетекшісі– п.ғ.к.В.А.Бурмистрова)

Қарағанды медицина университеті

Шетел филологиясы филологияғылымының маңызды бағыттарының бірі болып табылады...

Қолданылған ақпарат көздері

Захарова, Т.В. Неміс тілінің саяси неологизмдерін қалыптастыру мәселесі бойынша / Т.В. Захарова, О.М. Снигирева // Филология ғылымдары. Теория және тәжірибе мәселелері. - 2015. - № 10. – Б. 97-99.

Конференцияны өткізу орны және уақыты:

100000, Қазақстан Республикасы

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 40.

Қарағанды медицина университеті

Барлық сұрақтар бойынша конференцияны ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады:

Ұйымдастыру комитетінің тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі. 1381, 1382).

«ҚМУ» КеАҚ  шет тілдер кафедрасының ассистент-профессоры Медиева Сауле Карсенбаевна (моб. телефон: 8 747 276 11 09);

«ҚМУ» КеАҚ  шет тілдер кафедрасының оқытушы Керимбекова Меруерт Женисовна (моб. телефон: 8 775 349 68 22)

«ҚМУ» КеАҚ  шет тілдер кафедрасының оқытушысы Шерипова Гулжазира Ахановна (моб. телефон: 8 700 153 57 98)

Конференцияға қатысуға өтінім үлгісі

Қатысушының  тегі, аты, әкесінің аты

Мамандығы,оқу жылы

Ғылыми жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Телефон

E-mail

Баяндама тақырыбы

Секциясы


0
3015

пікірлер

пікір қалдыру үшін.