Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Ақпарат хабар
Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған қабырға газеттері байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған қабырға газеттері байқауының ЕРЕЖЕСІ

17 Наурыз 2015


Жалпы ереже

Байқау 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге арналған 2013-жылдың 05-маусымындағы іс-шара жоспары аясында өткізіледі.

Байқау мақсаты: студенттердің патриотизм сезімін және біздің халқымыздың әскери-тарихи өткеніне ұқыпты қарауын ңығайту.

Байқауды ұйымдастырушылар:

ҚММУ студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі.

Байқауды өткізу тәртібі

Байқау 2015-жылдың  01-наурызынан 30-сәуіріне дейін өткізіледі. Байқау жұмыстары № 126 каб. (Гоголь көш., 40,) қабылданады.

Байқауға қатысушылар:

Байқауға қатысуға өнерлі студенттер командасын шақырамыз. Команда құрамында – төрт адам. 

Номинациялардың тақырыптары:

1.  «Құрбан болғандар естелігіне…» (біздің жерлестер-майдан қаһармандары, тылдағы әскери қызметкерлер).

2.  «Біздің - есімізде, біз - құрметтейміз…» (соғыс жылдарында қарттар, әйелдер және балалар ерлік еңбегі).

3.  «Ұлы Отан соғысының атақты қатысушылары».

Жұмыстарға қойылатын талаптар:

Қабырға газеттері А 1 форматында орындалуы тиіс:

1.  Газет материалдары ретінде Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған репортаждарды, сұхбаттарды, мақалаларды, есептер, фотолар (6-данадан көп емес), бейне суреттерді, өлеңдерді, әзіл-оспақтарды және басқа материалдарды беруге болады.

2.  Газетте міндетті түрде келесі ақпарат болуы тиіс:

- «номинация», 

- ТАЖ, қатысушылардың байланыс телефоны (барлығы 16 TimesNewRomanшрифтімен терілген және қабырға газетінің төменге оң жағында орналасуы тиіс);

Байқау талаптарына сай келмеген қабырға газеттері қарастырылмайды (құттықтау ашық хаттары, карикатуралар, плакаттар және т.б.).

Байқау материалдарын бағалау белгілері:

-  Байқау шарттарын сақтау;

- газеттерді көркемдік рәсімдеу;

- әңгімелеу материалдарының сапасы (бейнелілік, материалдарды баяндаудың бірегейлігі және сауаттылығы, тақырыптамаға сәйкес келуі);

- бейнелеу өнерінің сапасы (көркемдік, тақырыптамаға сәйкестік).

Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау:

ҚММУ акт залында өтетін концертте байқау қорытындыларын шығарып және жеңімпаздарды марапаттайды.

Байланыс ақпараты.

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжай бойынша білуге болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш., 40 үй, 126 каб.

Байланыс телефоны: 8 (7212) 51-38-97 ішкі.199

Электронды мекенжай: Mambetova@qmu.kz


0
19025

пікірлер

пікір қалдыру үшін.