Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы

Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы

c4364d8ec357d5019f1ba871ef000110

Р.С.Досмағамбетова 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік институтын үздік бітірді. Машықтанушы-зерттеуші, дәрігер зертханашы болып жұмыс істеді, 1984 жылдан бастап КСРО МҒА Жалпы патология және патологиялық физиология институтында кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін ассистент, 1992 жылдан бастап – ҚММИ ішкі аурулар кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. 1998 жылы ҚазҰМУ «ішкі аурулар» мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғады, 2001 жылы «медицина» мамандығы бойынша профессор атағына бекітілді. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап – ҚММА оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор. 4.08.2011 ҚММУ ректоры болып тағайындалды.

Профессор Р.С.Досмағамбетова жооның ғылыми-зерттеу бағдарламаларын орындауға белсенді қатысып жүр, оның жетекшілігімен он кандидаттық және екі докторлық диссертациялар қорғалды. Р.С.Досмағамбетова «Медицина және экология» журналының редакциялық ұжымының, Еуропаның медициналық білім беру қауымдастығының мүшесі болып табылады.

1995 жылдан бастап жоғары санатты дәрігер терапевт, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тәуелсіз аккредиттелген сарапшысы, Раушан Сұлтанқызы бірнеше жылдардың ағымында Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының коллегиясының мүшесі, біліктілік санаттарын тағайындау бойынша аттестациялық комиссиялардың мүшесі болып табылады.

Монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы, 260 астам баспа жұмыстары, ой меншігінің нысандарының мемлекеттік тіркеуінің куәліктері бар.

Р.С.Досмағамбетова – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, мәдениетті дамыту бағыты бойынша партиялық куратор. Қарағанды облысының облыстық маслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени дамыту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша комиссия төрағасының орынбасары.

2002 жылы Қазақстан Республикасының халқының денсаулығын қорғау ісіне жеке үлесі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігіне» кеуде төсбелгісімен марапатталды. 2005 жылы  «Почетный работник образования Республики Казахстан» төсбелгісімен марапатталды. 2010 ж. «Алтын дәрігер» медалімен, 2011 жылы - «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальмен, 2012 ж. «Ақ жүрек» төсбелгісімен  марапатталды. 2013 ж. республиканың денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.