Академиялық адалдық лигасы
1) Академиялық адалдық – Лиганың әр мүшесінің, оның оқу процесі мен зерттеуінің басты құндылығы болып табылады.
2) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың, дәйексөздің және мінез-құлық ережелерінің нақты, әділ және объективті стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3) Лиганың әрбір мүшесі ғылыми және/немесе зерттеу мақсатына ұсынылған барлық жазба жұмыстарының сипатына, мазмұнына және көлеміне қарамастан міндетті түрде плагиатқа тексерілуін қамтамасыз етуге жауап береді.
4) Лиганың әрбір мүшесі білім алушының академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуын қамтамасыз етеді.
5) Лиганың әрбір мүшесі өзінің оқу нәтижелерін әділ және объективті бағалау жүйесі аясында білім алушыларға жоғары талаптар қояды.
6) Лиганың әрбір мүшесі тек мықтыларға оқуын аяқтауға мүмкіндік береді.
7) Лиганың әрбір мүшесі дипломмен расталған кадрларды сапалы дайындауда жауап береді.
8) Лиганың әрбір мүшесі оқытушының академиялық адалдық, өзара құрмет және әділеттілік қағидаттары мен стандарттарын енгізе отырып, тәлімгер ретінде жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
9) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты нығайту және қорғау барлық білім алушылар мен қызметкерлердің білім беруді ұйымдастырудағы өзара күш-жігерінің нәтижесі екенін мойындайды.
10) Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндеттемелерді, соның ішінде Лиганың негізгі қағидаларын адал орындауға міндеттенеді.Ол Жарғыға немесе Лиганың актілеріне, сондай-ақ академиялық адалдық принциптері мен стандарттарына, оның ішінде Лиганың негізгі қағидаларына сәйкес міндеттемелерді бұзғаны үшін ұйымнан шығарылуы мүмкін екенін түсінеді.
Лиганың ресми сайты: adaldyq.kz