Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

5ae0f34ed0c3532ec2ff42320d3aaf82

Медицина мектебінің түлегі Абдрахманов Аманжол Даулетбекұлы 2019 – 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының Бірінші Президент Қорының степендия лауреанты атанды.

Аманжол университеттің қоғамдық және ғылыми жұмыстарына белсенді қатысып жүреді. Университеттің «Жас Отан», Студенттердің өзін – өзі басқару комитеті, КИС сынды белсенді салаларының қатысушысы болып табылады. КеАҚ «ҚМУ» студенттер ғылыми қоғамының мүшесі.

Сонымен қатар ҚММУ студенттік порталын әзірлеушілерінің бірі, осы ақпараттық ресурсты іске асыру жобасына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Медицина ғылымдарының докторының жетекшілігімен басылып шыққан төрт мақаласы бар, профессор Киспаева Токжан Тохтаровна: «Науқастарды ми инсультынан кейінгі дәрісіз сауықтыру әдістері» («Жас ғалым» халықаралық ғылыми журнал, № 29 (133), 2016 ж., РИНЦ жүйесіне кіреді), «Мидың церебральды микрополяризациясы, инсульттан кейін науқастарды оңалту әдісі» («Жас зерттеуші: шақыртулар және перспиктивалар « Жас зерттеуші» XXVII Халықаралық ғылыми – тәжірибе конференциясынан материалдар жиналды). «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару» баяндамасымен «Қазіргі медицинаның жаңа міндеттері» атты V халықаралық ғылыми конференциясына қатысты(«Жас ғалым» халықаралық журналы, 2018 ж., Казань РИНЦ жүйесіне кіреді).

2016 – 2017, 2017 – 2018 оқу жылында «Үздік оқығаны үшін және кәсіподақта адал жұмыс атқарғаны үшін» медицина қызметкерлерінің Қазақстандық филиалы степендиясының иегері куәлігі бар.

2018 жылдың 27 сәуірінде Аманжол Астана қаласында «2018 жылдың үздік студенті» төс белгісімен марапатталды, құрмет грамотасымен және де «Жас қыран» кітабына енді.

Сонымен бірге академиялық белсенділігі үлгерім көрсеткіштеріне әсер етпейді. GPA көрсеткіші 3,67 балл.

Аманжол біздің елімізде медицина бір орында тұрмай дамып жатқанына сенімді.

Бәріміз бірге өз күшімізбен көптеген жетістіктерге жетеміз. Ең бастысы Қазақстан Республикасының  гүлденуіне және дені сау ұлтын сақтау» - дейді біздің Степендиат!

Қәзіргі уақытта Абдрахманов Аманжол – КеАҚ «ҚМУ»  «Отбасылық медицина» мамандығының резиденті, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды, сонымен қатар қаламыздың үздік емханасында еңбек етеді.

Абдрахманов Аманжол медицина университетінің қарапайым студенті өз білімімен, табандылығымен және еңбек сүйгіштігімен, кез келген биіктікке жете алуға болатынына айқын дәлел.

Ректор стипендиаттары

569e8b20306847c3ba89f3d4026d872c