Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Фармацевтикалық пәндер кафедрасы 2002 жылдың 1 шілдесінде ұйымдастырылды. 2007 жылдан бастап химия және фармацетвикалық пәндер кафедрасының құрамына химия курсы кірді, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасы болып  біріктірілді.

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының алғашқы жетекшісі фармацевтикалық өндіріс технологиясы және фармацияны ұйымдастыру саласындағы бірден бір жетекші маман,  фармацевтика ғылымыдарының докторы  Абдуллабекова Раиса Мусулманбековна болды.

2004-2007 жылдар аралығында фармакогнозия және фитохимия саласындағы маман, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Баймұхамбетов Марат Абилакимович жетекшілік етті.

Кафедраны 2007 жылдан бері биология ғылымының кандидаты, доцент Лосева Ирина Викторвна меңгерушілік етеді.

Кафедрада әр уақыт кезеңдерінде  М.Е.Амантаева, Г.М.Бурабаева және Г.Калимова, М.Т.Асмағамбетова, Г.М.Рахимжанова оқытушылар қызмет атқарды.

Қазіргі таңда кафедраның фармацевтикалық бөлімінде профессор, фарм.ғ.к., С.А. Ивасенко, фарм.ғ.к. А.Т.Медешова, оқытушылар Т.П.Ашихмина, Ш.Б.Тұрсынова, лаборанттар А.А.Абдуллина, А.Е.Дүйсекеева белсенді түрде жұмыс атқаруда.

1950 жылдың тамыз айында жалпы және аналитикалық химия кафедрасы ұйымдастырылды. Алғашқы штат құрамы 3 адамнан құралған, кафедра меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Омаров жетекшілік етті. 1955 жылдан 1964 жылдары химия кафедрасын Валентин Вильгельмивич Крузе меңгерді. Ол Одескі ауыл шарушылық институтын химия мамандығы бойынша бітірген. Кафедраның негізгі ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты Орталық Қазақстанның демалыс қорлары мен емдік балшықтардың физика – химиялық қасиеттері болып табылды.

1964 жылдан бері химия кафедрасын химия ғылымдарының кандидаты А.И. Лесняк, доцент А.А. Батков, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ю.А.Молчанов, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент В.Ф.Огарков, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Б.З.Кокжалова басқарды.

2007 жылдан химия курсының меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ленина Михайловна Власова басқарды.

Қазіргі уақытта кафедрада химия пәнінен х.ғ.к., доцент Б.З.Көкжалова, х.ғ.к., доцент И.В.Фигуринене, т.ғ.к.,доцент Р.К.Сотченко, х.ғ.к., С.З.Закарин, аға оқытушы,  х.ғ.к., А.С.Махмұтова, А.Ж.Сарсенбекова, В.А.Митерев, А.Н.Ноғаева, оқытушылар: магистрлар М.А.Жунусова, Н.С.Реметова, лаборанттар С.Ж.Кадырова, Г.К.Құрмантаева,  А.А.Мусина қызмет атқарады. 

Кафедраның ғылыми зерттеу бағыты:

«Фармация, фармацевтикалық технология» бағыты бойынша:

1)  Отандық дәрілік өсімдік шикізат негізінде дәрілік фитопрепараттар жасау.

2)  Фармацевтикалық нарықтағы маркетингтік зерттеулер

3)  Әлеуметтік фармация

«Химия» бағыты бойынша:

1)  Кейбір фосфор құрамдас алкалоид туындыларының биологиялық белсенділігін және құрылымы мен синтезі.

2)  Күкірт, рений, хром және мыстың электрохимиялық қасиеттері

3)  Көмір қалдықтарын кешенді өңдеу

4)  Табиғи қосылыстардың молекулаларын квантты-химиялық зерттеу.

Кафедраның негізгі жетістіктері:

Кафедрада 1 фармацевтикалық ғылымдардың докторы, 1 биология ғылымдарының кандидаты, 1 фармацевтика және 4 химия ғылымдарының кандидаты, 2 химия магистрі жұмыс атқарады.

Кафедраның ПОҚ әдістемелік және ғылыми жұмыстармен белсенді жүргізеді. Соңғы жылдары «Фармация», «Жалпы медицина», «Стоматология», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтарының студенттеріне арналған 20 –дан астам оқу-әдістемелік құралдар жарияланды.

Ғылыми зерттеу қорытындылары және білім беру мәселелері бойынша 100 жуық жұмыстар басылды. 10 өнер тапқыштық және авторлық куәлік патенттер бар.

Химия магистрі А.Ж.Сарсенбекова PhD докторантураны аяқтауды, кафедраның 2 оқытушысы магистратурада оқиды.

Кафедрада «Фармация», «Жалпы медицина», «Стоматология», «Медициналық-профилактикалық іс», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармацевтикалық өндірс технологиясы» мамандықтарының студенттері білім алады. 2013-2014 оқу жылында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндірс технологиясы» мамандықтары бойынша магистратура және PhD докторантура ашылды.

Кафедра «фармация» бакалаврының бітіруші кафедрасы болып табылады.

Кафедра қызметкерлері студенттер арасында тәрбие жұмысын белсенді түрде жүргізеді, оқу топтарының, жатақхана студенттерін ғылыми жұмыстарымен,  эдвайзерлікке жетекшілік етеді.

Мекен- жайы:

қ.Қарағанды қаласы

Ерубаев көшесі 18 үй, 3 қабат

тел: .8 – (7212) – 503930 (1245, 1391) e.mail. loseva@qmu.kz

   vlasova@qmu.kz