Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі кафедрасы

1987 жылы ҚММИ-дың қазақ тілі секциясы медициналық терминология негіздері мен орыс, латын тілдері кафедрасының құрамында құрылды. Кафедрада ф.ғ.к. А.А.Кененов, Г.Р.Исина, С.Б.Құлыспаева, Р.С.Жаликенова сияқты оқытушылар сабақ жүргізді.

1988 жылы қазақ тілі секциясына оқытушы қызметіне Ш.К.Ахметова, А.Ш.Жармағанбетова, Б.О.Алимова, Р.А.Абдуллина қабылданды.

1990-1991 оқу жылында шығыс бөлімі және қазақ тілі кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушсі болып, ф.ғ.к. А.А.Кененов тағайындалды. А.А.Кененов басқарып отырған кафедра құрамында С.Б.Құлыспаева, Ш.К.Ахметова, Г.А.Төлепова, Б.О.Алимова, М.А.Сулейменова, А.А.Мамытов, Р.А.Абдуллина, А.К.Алпысбаева, А.Ш.Жармағанбетова, А.С.Ержанова, Н.А.Бекбалакова, Б.Е.Мукеева, Г.Е.Оспанова, А.М.Бейсенбаева, Э.М.Макашева, Т.К.Қанафин, Л.Ө.Жандарбекова сияқты оқытушылар жұмыс істеді.

1996-2006 жылдар аралығында кафедраны аға оқытушы Ш.К.Ахметова басқарды.

2006-2007 оқу жылында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болып, аға оқытушы Б.Е.Мукеева тағайындалды.

2007-2008 оқу жылында кафедра қайта құрылды. Қазақ тілі кафедрасының негізінде орыс тілі пәні оқытушыларын қосу арқылы бір кафедра ұйымдастырылды. Кафедраны п.ғ.к. Р.А.Айкенова басқарды.

2009 жылдың 1-кыркүйегінен бастап, біріктірілген тілдер кафедрасының құрамынан қазақ тілі кафедрасы өзі алдына кафедра болып құрылды.

Аталған жылдан кафедраны 2015 жылға  дейін п.ғ.к. А.Б.Насырова басқарды.

Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент М.А.Маретбаева. Кафедраның  профессорлық оқытушылар құрамында ф.ғ.к., доцент м.а. С.Ж.Шахина,  ф.ғ.к., доцент м.а. А.Б.Аширбекова, ф.ғ.к., доцент м.а. Б.С.Каукербеова, ф.ғ.к., доцент Қ.М.Хамзина, аға оқытушылар: А.К.Алпысбаева, А.С.Ержанова, Б.Е.Мукеева, Г.Е.Оспанова, Л.Ө.Жандарбекова, Г.К.Масабаева, оқытушылар Ж.Ж.Рамазанова, А.ЖАханова жұмыс істейді.

Кафедра ұжымы университетте өткізілетін шараларға белсенді қатысып,  мемлекеттік тілді дамытуға, оның қолданылу аясын кеңейтуге өз үлесін қосуда.

Академиялық ұтқырлық бойынша қазақ тілі кафедрасы мен Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университеті арасында тығыз байланыс орнатылған.

Жыл сайын студенттер Қарағанды облыстық тілдерді дамыту орталығы өткізетін шараларға, әр түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Кафедра қызметкерлері «Жаңа технологиялардың көмегімен студенттердің тілін қалыптастыру және жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері халықаралық және республикалық конференцияларда баяндалады.

Кафедрада өзге ұлт студенттері арасында мемлекеттік тілді насихаттаумен айналысатын «Қыран» клубы жұмыс істейді.

Кафедрада «Фармация» мамандығы бойынша «Қазақ тілі», «Стоматология» мамандығы бойынша «Кәсіби қазақ тілі» электрондық оқу-әдістемелік құралдар авторлары А.Б.Насырова, А.Н.Муратова, С.Ж.Шахина, А.С.Ержанова, А.К.Алпысбаева, Г.К.Масабаева болып табылатын, авторлық құқықпен қорғалатын объектіге айрықша мүліктік құқықтарды растайтын екі куәлік бар.

Кафедраның ПОҚ-ы педагогикалық біліктілігін және шығармашылығын жетілдіру мақсатында үздіксіз жұмыс атқарады.