«ҚМУ түлектерінің қауымдастығы» туралы
Түлектер қауымдастығы – Университет тарихы біріктіретін тілектестер бірлестігі. Түлектер – ҚМУ дамуының ажырамас және маңызды құрамы. 2014 жылы біздің университетте «ҚМУ түлектерінің қауымдастығы» құрылды. «ҚМУ түлектерінің қауымдастығының» басқару құрамына біздің университетіміздің түлектері кіреді. «ҚМУ түлектерінің қауымдастығының» бастамашы-азаматтарының тізімі құралған. Третьяк Дмитрий Эдуардович – қауымдастық төрағасы. Қауымдастықтың құрметті мүшелеріне ҚР ҒҰА академигі – Шарманов Төрегелді Шарманұлы және жоо-ң барлық ректорлары: Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы, Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы, Құлмағамбетов Ильяс Райханұлы, Алияқпаров Мақаш Тыныштықпайұлы кіреді.
«ҚМУ түлектерінің қауымдастығының» мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары:
- Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің мемлекеттік және халықаралық деңгейде беделін нығайту және оның ғылыми, білім беру және педагогикалық әлуетін дамуыту;
- Кәсіби бірлікті, тәжірибе алмасу, қауымдастық мүшелерінің шығармашылық және ғылыми әлеуетін жүзеге асыру мақсатында ҚМУ түлектері үшін жағымды жағдай құру.
- Қауымдастық мүшелерінің және қызметтерін ғылым мен білім беру саласындағы қоғам мүддесін алдыға тарту және қоғам игіліктеріне жеткізуге бағыттаған тұлғалардың әлеуметтік, қайырымды, мәдени, білім беру, ғылыми талаптарын қанағаттандыру.
- ҚМУ дәстүрінің сақталуы мен қолдау көрсетуге үлес қосу;
- Медициналық білім саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға белсенді қатысу.
Міндеттері:
- ҚМУ түлектерінің арасындағы тұрақты кәсіби өзара байланысты құру;
- ҚМУ түлектерінің тұлғалық және кәсіби өсуіне қолғабыс жасау.
- ҚМУ түлектері туралы ақпараттық банкін құру және оның деректерінің әрдайым жаңалануы.
- Студенттердің кәсіби дайындығында ("дөңгелек үстелдер", мастер-кластар, конференциялар, тәжірибелер, тағылымдамар, шетелде оқу) қолғабыс жасау;
- Шетелде қызмет жасайтын ҚМУ түлектерімен тәжірибе алмасу және байланыс орнату;
- ҚМУ метериалдық-техникалық базасының нығайуына жәрдемдесу;
- «ҚМУ түлектерінің қауымдастығы» туралы жұмыстардың көкейкесті жаңалықтарын жасау және сайтқа орналастыру;
- Корпоративтік кездесуді және бірлескен демалысты ұйымдастыру, бірлескен мерейтойлар іс-шарасын жасау, түлекттердің кездесулерін ұйымдастыру.