Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кәсіби даму
ҮКДФ Кафедралар
№3 ішкі аурулар кафедрасы

№3 ішкі аурулар кафедрасы

Қазіргі кезде университтетің және дәрігерлерді жетілдіру факультетінің өмірін терапия кафедрасынсыз елестету мүмкін емес. Терапия – бұл барлық медициналық ғылымдарды түгел қамтитын негіздердің негізі.

9b646125e37e0f24fc5a6fa7b4f0cadf

Кафедра тарихы

Кафедраның ұйымдастырылған жылы

01.04.2005

ҚММА ДБ және ҮКЖ салалық әдістемелік комисссиясының жұмысын ұйымдастыру және шаралар жүргізу

2006

«ДБ және ҮКЖ кафедрасы туралы Ереже» дайындалды

2006

ҚММА рейтингіде бірінші орын

2007

3 кандидаттық диссертация қорғалды (асс.: К.К. Төлеубеков, Ж.С. Кызырова, А.М. Жүсіпова)

2007

Доцент Т.К. Дюсембаева «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен марапатталды

2007

ҚММА факультеті бойынша рейтингіде бірінші орын

2008

ҚММА білім сапасы менеджменті секциясында шаралар жүргізу және жұмысын ұйымдастыру

2008

«Гематологияның және ішкі аурулардың өзекті сұрақтары» ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру және өткізу

2009

Кандидаттық диссертация қорғау (асс. А.Б. Скакова)

2010

ҚР ДСМ тәуелсіз медициналық сарапшылары:

профессор Н.С. Умбеталина және доцент Т.К. Дюсембаева

2010

А.М. Жусупованың Тель-Авив қ. (Израиль) «Transfusion Medicine» циклінде оқуы

2010

Бірінші магистерлік диссертация қорғау (асс. И.В. Бачева)

2011

Т.А. Шакаеваның ҚР БжҒМ «Қауымдастырылған профессор» атағын алуы

2011

Магистранттарды қорытынды аттестациялау бойынша МАК хатшысы, факультет деканы орынбасары  - Т.А. Шакаева

2011

Доцент Т.К. Дюсембаеваның «ҚММУ үздік терапевті» номинациясы бойынша бірінші орын алуы

2012

Асс. И.В. Бачеваның «Үздік жас ассистент» номинациясы бойынша бірінші орын алуы

2012

«Қарағанды терапевтер және терапевт саласы мамандары қауымдастығы» АҚ құрылуы

2012

ПрофессорН.С. УмбеталинаныңЛионқ. (Франция) «An International Association for Medical Education (AMEE) Incorporating the 4thsifem conference «The continuum of education in medicine and the healthcare professions» конференциясындасөзсөйлеуі

2012

«Жүкті әйелдерде экстрагениталды патология кезінде көпфакторлы болжамдау және асқынулардың алдын алу» тақырыбы бойынша грант

2012

А.М. Жусупованың «ҚММУ доценті» академиялық атағын алуы

2012

«Жүкті әйелдердегі экстрагениталдық патология: өзекті мәселелері және шешу жолдары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу

2013

«Жүрек және эндокриндік жүйе аурулары бар жүкті әйелдерді қарау» Мастер-класын ұйымдастыру және өткізу

2013

2 магистерлік диссертация қорғау (А.Б. Тайгукова, А.З. Файзуллаева)

2013

1 магистерлік диссертация, 1 Рh-D диссертация дайындау

2013

Ассистент И.В. Бачева Рh-D-докторантурасына түсуі

2014

«Эндокринология, сонымен қатар балалардағы», «Ревматология, сонымен қатар балалардағы», «Гематология, сонымен қатар балалардағы», «Кардиология, сонымен қатар балалардағы» мамандықтары бойынша резидентурада оқыту

2014

«Экологиялық тәуекел және тұрғындардың денсаулығы» тақырыбы бойынша  профес. Л.Г. Тургунова және доц. Т.А. Баешева ҒЗЖ қатысуы

2014ж осы күнге дейін

«Онкогематологиядағы инновациялық технологиялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының  ұйымдастырушы комитетінің мүшесі (Қарағанды, ҚММУ) – проф. Л.Г. Тургунова

2014

«Дәрігер-фтизиатрдың тәжірибесіндегі клиникалық пульмонологияның өзекті мәселелері» атты семинарды ұйымдастыру және өткізу проф.Тургунова Л.Г.

2014

01.09.2015. №1246 бұйрығы бойынша кафедралар мен курстарды қайта тарату туралы

2015

Клиникалық базалардың бірі болып табылатын – ҚММУ-дың Консультативтік – диагностикалық орталығы (КДО). ҚММУ КДО консультативтік қабылдаулары:

дәрігер -гематолог: проф. Л.Г. Тургунова

дәрігер -кардиолог: Г.Т. Игимбаева

дәрігер -ревматолог: асс. А.А. Шалыгина

ультродыбысты диагностика дәрігері: доц. Т.А. Баешева

дәрігер-нефролог: медицина ғылымдарының магистрі И.В. Бачева

2015

«Жұмыс істеуші дәрігерге көмек:  жүкті әйелдердер, балалар, қарттар диагностикасынан бастап ас қорыту мен несеп мүшелерінің ауруын рациональды емдеуге дейін» атты мастер-класты ұйымдастыру және өткізу; ЖКС бойынша мастер-класс

2015

«Кардиология, сонымен қатар балалардағы», «Нефрология, сонымен қатар балалардағы», «Пульмонология, сонымен қатар балалардағы» мамандықтары бойынша резидентура

2015

Конференцияның ұйымдастырушылық комитетінің мүшесі Л.Г.Тургунова: ІІІ Орталық-Азия конференциясы «Медициналық білім алу-жаңа шыңдары», 5-6 қазан 2015 жыл. 

2015

«PosterofDay»31 Халықаралық Түрік кардиологтер конгресінің постерлік баяндамасының үздік жүлдегері, Анталия 

2015

«Гематология (ересектер)» мамандығы бойынша жекеше эксперт сертификаты проф. Л.Г. Тургунова

«Функционалдық диагностика» дәрігерінің сертификаты -  доц. Г.Т. Игимбаева

«Кардиология (ересектер)» мамандығы бойынша жекеше эксперт сертификаты -доц. О.И. Требухина

«Функционалдық диагностика» мамандығы бойынша жоғарғы санатты мамандық сертификакты

2015

Кафедрада қайта даярлық және біліктілікті арттыру циклдерінде, с.і. көшпелі циклдерде, 13 мамандық бойынша  (терапия, гериатрия, нефрология, гастроэнтерология, кардиология, ревматология, гематология, пульмонология, эндокринология, трансфузиология, функционалдық диагностика, сәулелік диагностика, токсикология) дәрігерлерді  оқыту жүргізіледі және  резиденттерді, магистранттарды, Рh-D-докторанттарды оқытады. Тыңдаушылар георгафиясы өте ауқымды, оған Қарағанды облысымен қатар (Жезқазған, Балқаш, Приозерск, Сатпаев, Теміртау, Шахтинск, Саран, Қарқаралы, Абай, Шет ауданы, Ақтас п., Ақтоғай ауданы), бүкіл Қазақстан (Қостанай, Павлодар, Атырау, Шымкент, Өскемен, Қызылорда, Астана, Петропавк, Орал, Рудный, Көкшетау, Лисаковск, Актөбе, Семей, Жаңаөзен)кіреді. Оқу процесінде кафедрада инновациялық технологиялар қолданылады (интерактивті дәріс, PBL, TBL, CBL, Project-based learning әдістері), жаңа циклдер енгізілген: «Нефрология» мамандығы бойынша «Нефрологиядағы инновациялық технологиялар. УДЗ бақылауымен бүйректің тері арқылы биопсиясы», «Терапия» мамандығы бойынша «Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар», «Гастроэнтерология» мамандығы бойынша «Гепатологияның өзекті мәселелері». Кафедра қызметкерлері  «Терапия» мамандығы бойынша «Жедел және шұғыл медициналық көмек», «Дәрігерлік манипуляция техникасы бойынша тәжірибелік курс» біліктілікті жоғарлату циклі бойынша оқу-клиникалық орталығында сабақ өткізеді.Кафедра базасында  қанайналу жүйесінің ауруларынан өлімді төмендету сұрақтары бойынша денсаулық сақтау кадрларының үздіксіз кәсіби дамытудың үйлестіру Республикалық орталығы қызмет етеді (ҚЖА ӨТС бойынша ДСКҮДКРО) (орталықтың қызмет бастамасы – 08.08.2013 жыл, бұйрық № 460, ҚР ДСМ). 2013ж тамыз айынан бастап ҚР ДСМ қанайналу жүйесінің ауруларынан өлімді төмендету мәселелері бойынша денсаулық сақтау кадрларының үздіксіз кәсіби дамытудың Республикалық үйлестірушісі болып табылады. 2013 жылдың тамыз айынан, 2014 жылдың желтоқсанын   бастап  Республикалық орталықпен басымды  бюджеттік бағдарламалармен 5034 тыңдаушылар оқытылды (ББ 014, 010, 036). Республикандық координатор- доц. Игимбаева Г.Т

Кафедраның негізге штаты қазіргі уақытта 9 адам болып есептелінеді.


8e0367b19d59e5bf7bb4f2682b249c20

Л.Г. Тургунова – медицина ғылымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1991 жылы «емдеу ісі» мамандығын үздік бағамен бітірді, содан кейін №1госпитальді терапия кафедрасының клиникалық ординатурасын бітіріп, кафедраның ассистенті болып қалды. 1996 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 2002 жылы доценттік дәрежені ақтап шықты. 2002-2005 жылдар аралығында доктарантурада оқыды. 2006 жылы докторлық диссертация қорғады, 2007 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылы ҚР Білім және ғылым Министірлігі, Ғылым және білім саласында бақылау Комитетімен профессор лауазымы тағайындалды. 2012-2014 жылдар аралығында №2 ішікі аурулар кафедрасының меңгерушісі, 2014 ж. 2 қыркүйегінен бүгінгі күнде үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің терапевттік пәндер кафедрасының меңгерушісі 27 оқу-әдістемелік құралдар және әдістемелік ұсыныстар дайындалды және басып шығарылды, классификация бойынша жетекшілік «Гематология» бөлімінің және тесттер жинағының қосымша авторы.  Жоғары санатты дәрігер-терапевттің және бірінші санатты дәрігер-гематологтың біліктілігі бар. Оқытушы категориясын тағайындау комитетінің төрайымы. Диплом алғаннан кейін оқыту мамандықтары бойынша ҚММУ-ың ОӘК білімді бағдарламасы комитетінің төрайым орынбасары. Резидентурадағы «Гематология» мамандығының кураторы.

Н.С. Умбеталина - медицина ғылымдарының докторы, профессор.1968ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын үздік аяқтады, 1970 – 1973ж.ж. аралығында Мәскеу қ. ЛООДЖИтерапия кафедрасында аспирантурада оқыды, «Созылмалы пневмония науқастарында гемокоагуляция ерекшеліктері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Ішкі арулар пәнін оқытудың ерекшеліктерін білетін жоғары білікті педагог. Ішкі аурулар пропедевтикасы, факультеттік және госпиталды терапия кафедраларында қызмет еткен. 1994ж. «Терапевтік саладағы аурулары бар студенттердің ерте диагностикасы және реабилитациясы» тақырыбына докторлық диссертация қорғады. 1995ж. профессор ғылыми атағы берілді. 1996 – 2003 ж.ж. госпиталды терапия кафедрасын басқарды; 2003 ж-дан 2005 ж. наурызына дейін – ғылыми-педагогикалық эксперимент мәселелері бойынша проректор. 300-ден аса баспа жұмыстарының авторы, соның ішінде алыс және жақын шет елдерде, 2 монографияның, бірнеше әдістемелік ұсыныстар мен оқу құралдарының, 11 патенттің авторы, 12 диссертациялық жұмыстың, 4 магистрлік жұмыстың және 2 Рh-Dдиссертацияның жетекшісі. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін оқу процесіне және тәжірибелік денсаулық сақтауға енгізеді, педагогикалық процеске шығармашылықпен қарайды, инновацияларға үнемі дайын, медициналық білімді жетілдіру мәселелеріне қатысты жобаларды жүзеге асыруда белсенді араласады. ҚР ДСМ нормативтік құжаттарын дайындауға бірнеше мәрте араласты, қосымша медициналық білім Стандарттарын, мамандардың Біліктілік сипаттамасын құрастыруға қатысты, медициналық және фармацевтикалық білім Концепциясын, ауруларды диагностикалау және емдеу Кезеңдік хаттамаларын дайындау бойынша жұмысшы тобына кірді. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінде медициналық мамандықтар бойынша типтік оқу бағдарламаларына сараптамалық баға берді. 2006, 2007жж. – Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрайымы болды. Н.С. Умбеталина медициналық білім берудің мемлекеттік стандарттарын халықаралық білім беру кеңістігіне және кредиттік оқыту жүйесіне бейімдеудің концептуалды тәсілін жасау бойынша ҚММА ғылыми-педагогикалық экспериментті жүзеге асыру және енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша көптеген құжаттар дайындауға қатысты, «Сапа бойынша менеджер» сертификаты бар. Н.С. Умбеталина 10 жыл бойы ҚР ДСМ бас гематологы. 2010ж. бастап ҚР ДСМ тәуелсіз медициналық сарапшысы, Қарағанды облысы бойынша тәуелсіз медициналық сарапшылар Қауымдастығының мүшесі. Жоғары біліктілік санаты бар дәрігер-терапевт, нефрология, ревматология, гематология, пульмонология бойынша сертификаттары бар. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен, ЖОО-ның 60 жылдық мерейтойына орай мерейтойлық медалімен, ҚР ДСМ-нің, Ұлттық медициналық қауымдастықтың құрмет грамоталарымен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауына орай Қарағанды облысы денсаулық сақтау Басқармасының грамотасымен марапатталған. Профессор Н.С. Умбеталина  «Қарағанды терапевттері және терапевтік саладағы мамандар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті, яғни қаланың тәжірибелік дәрігерлерімен тығыз байланыста және оларға белсенді түрде көмек көрсетеді. Резидентурадағы «Эндокринология» мамандығының кураторы.

bc45a64a9cc187133aca3a95af4084b0

Кафедраның негізгіштаты қазіргі уақытта 6 адамнан тұрады.

26766cc3a8320f9dabf5f84dcbb16243

Профессор Н.С. Үмбеталина практикалық жұмыста

7b09166fa2e6de2bb1ce87aa1313d466

Профессор Н.С. Үмбеталина практикалық жұмыста

Т.К. Дюсембаева –медицина ғылымдарыныңкандидаты, доцент. 1970 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын аяқтады, 1972 - 1975 ж.ж. И.М.Сеченов атындағы I МЛОМИ аспирантурада оқыды, «Жүйелік қызыл жегіде жасушалық иммунитеттің кейбір көрсеткіштері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.1975ж-дан 1980ж-ға дейін – ҚММИ - факультеттік терапиякафедрасының ассистенті. 1980ж – 1993ж аралығында – Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының №1 терапия кафедрасының ассистенті, кейін доценті. 1994ж. бастап шығыс бөлімінің терапия кафедрасының доценті, 1999ж. бастап №2 ішкі аурулар кафедрасының доценті, 2005ж.-дан қазіргі уақытқа дейін – ҮКДФ терапевтік пәндер кафедрасының доценті. Мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде сабақ беретін дарынды педагог; студенттер үздік лектор атағын берген.90 баспа жұмысы, оқу әдістемелік құралдарымен, әдістемелік ұсыныстарымен қоса, зияткерлік меншік нысанын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігі бар. Жоғары біліктілік санаты бар кең саладағы жоғары білікті терапевт, ревматология, гематология, пульмонология, нефрология бойынша сертификаттары бар. 2010ж.-дан бастап ҚР ДСМ тәуелсіз медициналық сарапшысы, Қарағанды облысы бойынша тәуелсіз медициналық сарапшылар Қауымдастығының мүшесі, «Қарағанды терапевтері және терапевтік саладағы мамандар қауымдастығы» ҚБ мүшесі. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен, ҚР ДСМ-нің құрмет грамотасымен, 2012ж. «ҚММУ үздік терапевті» дипломомымен марапатталған, ЖОО-ның алғысын алған. Резидентурадағы «Ревматология» мамандығының кураторы, қосымша кәсіби білімдігі бойынша 2 мамандығының кураторы.

1e0f1ac3b74ab67b2a88f1c2312af439

cf6f92b9000c0ca02c33a8e15b06bec2

Доцент Т.К. Дүйсембаева практикалық сабақта

ОмароваРаушан Алиаскаровна. –медицина ғылымдарының докторы, профессордың м.а. 1983 жылы «гематология және қан құю» мамандығы бойынша қан құю және гематология институтының ғылыми-зерттеу орталығында «Кроветворение при гемодепрессиях (морфологическая характеристика лейкоконцентрата, электронная микроскопия миелокариоцитов)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (Мәскеу қ.). «Кроветворение при гемодепрессиях (морфологическая характеристика лейко концентрата, электронная микроскопия миелокариоцитов)» тақырыбы бойынша орындалған кандидаттық диссертациясы үшін ҚСРО БХШЖ ІІ дәрежелік дипломымен марапатталды. 1983 жылдан ассистент, 1989-1999ж – госпиталды терапия кафедрасының доценті, кейінен №2 ішкі аурулар кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. 2000 жылы кардиологияның Қазақстан ҒЗИ «Клинико-патогенетические особенности ишемической болезни сердца в регионах, прилегающих к Семипалатинскому ядерному полигону» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.2001ж 14.00.06. – «кадиология» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 2001-2008 жж. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі болып істеді, студенттердің арасында анонимді анкетелау нәтижесі бойынша «ең үздік ұстаз» атағына және «ҚММА миссі» статусына ие болды. ҚР ДСМ Қарағанды облысының медициналық мекемелерін лицензиялау комиссиясында жұмыс істеді. 2005 – 2007жж ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің «Ғылым және білім саласында аттестация және бақылау бойынша комитетте» жұмыс істеді,  «Ішкі аурулар және аралық пәндер» мамандығы бойынша сараптамалық кеңес төрайымы және оның Президиумы мүшесі болды. 2007 жылы белсенді жұмысы және үлкен үлес қосқаны үшін, жоғары біліктілігі үшін ҚР Ғылым және Білім Министірлігінің  «Ғылым және білім саласында аттестация және бақылау бойынша комитет» марапаттау хатына ие болды.  2008-2013жж. - ҮКДФ кардиология, кардиохирургия және ангиохирургия курсының  меңгерушісі, 2014 жылдың қаңтарынан ҮКДФ кардиология және визуалді диагностика курсының профессордің м.а.  «Кардиология» мамандығы бойынша біліктілікті жоғарылату және қайта даярлау цикл тыңдармандарына семинарлар және тәжірибелік сабақтар, презентациялар жүргізеді, дәрістер оқиды, сонымен қатар басқа қалаларда. Р.А Омарова оқу үрдісіне жаңа ғылыми жетістіктерді ендіруде, дәрігерлердің клиникалық даярлау деңгейіне үлкен көңіл бөледі. «Кардиология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. 140 астам ғылыми жұмыстар, көбісі кардиологиялық бағытта, ҚР ойлап табу Мемлекеттік тізімінде тіркелген 3 патент авторы,  «Неотложная терапия в кардиологии» дәрігерлерге арналған әдістемелік құралдың және «Руководство по классификациям заболеваний», «Тестовые задания для самостоятельной подготовки специалистов, претендующих на первую квалификационную категорию» монографияларының «кардиология» бөлігінің авторы болып табылады. Қазақстан оқу орындарының және ҒЗИ диссертациялық кеңестердің жұмыстарында пікір сарапшы және оппонент ретінде қатысты. «Ғылым  және медициналық білім инновациялық технологиялардың Республикалық орталығы» өкімі бойынша оқу құралдары мен әдістемелік нұсқалықтарға рецензиялар жасады. Қарағанды облысы бойынша емдік және фармациялық қызметі бақылау комитетінің дәрігерлік біліктілік категориясын иемдену бойынша аттестациялық комиссия мүшесі болды. ҚР ДСМ  медициналық және фармациялық қызметті бақылау комитеті құрамында тәуелсіз сарапшы болып жұмыс істеді. Медицина ғылымдарының кандидат және доктор ғылыми дәрежелерін ие болғаннан ҚММУ диссертациялық кеңес мүшесі болды. Р. А Омарова.–Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау  ісіне  сіңірген айрықша еңбегі үшін  «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінін үздігі» кеуде белгісімен марапатталды. 

ҚЖА ӨТС бойынша ДСКҮДКРО төрайымы – доценттің м.а., медицина ғылымдарының кандидаты, РАЕ профессоры Игимбаева Гаухар Тлеубеккызы.Еңбек бағыты: 1994 – 2000 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, «емдеу ісі» мамандығы бойынша диплом; 2000 ж тамыз айынан 2001ж тамыз айына дейін отбасылық  медицинасы кафедрасында «үздік» бағамен интернатура, 2001 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін Өскемен қаласының «Авиценна» ОДА-да учаскілік дәрігер-терапевт; 2002 жылдың ақпан айынан 2009 жылдың тамыз айына дейін ҚР ДСМ РМҚМ «Кәсіби аурулар мен еңбек гигиенасы ұлттық орталығының» (КА және ЕГ ҰО) шаң патологиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері, кейінен жоғарғы ғылыми қызметкері; 2007 жылдан бастап 2013 жылдың тамыз айына дейін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №2 ішкі аурулар кафедрасында ассистент, кейін қыркүйек айынан бастап доценттің м.а.;  08.08.2013 жылдан бастап – ҚР ДСМ, қанайналу жүйесінің ауруларынан өлімді төмендету сұрақтары бойынша денсаулықсақтау кадрларының үздіксіз кәсіби дамытудың Республикалық үйлестірушісі. 

  Емдеу қызметі.2001-2007жж – дәрігер-терапевт, 2007-2010жж – пульмонологиялық бөлімшеде дәрігер-пульмонолог; РМҚМ «Облыстық клиникалық аурухана» кардиологиялық науқастарды оңалту бөлімшесінің дәрігер-кардиологы, 2009 – 2013ж. аралығында – РМҚМ «Облыстық кардиохирургия орталығы» шұғыл кардиология және жедел коронарлы жеткіліксіздік бөлімшесінің, интервенционды кардиология және хирургиялық аритмология бөлімшесінің дәрігер-кардиологы. Дәрігер-терапевт, дәрігер-пульмонолог, дәрігер-профпатолог, дәрігер-кардиолог сертификаттары бар.  2010 жылдың маусым айында «Терапия» мамандығы, ал   2014 жылдың тамыз айында  «Кардиология» мамандығы бойынша І біліктілік санатын алды, 2015 жылдың ақпан айында «Терапия» мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санатын алды. Тұрақты зияткерлік және кәсіби деңгейін жоғарлатумен айналысады. 2012 жылы «Ангиохирургия» мамандығы бойынша біріншілік қайта даярлау (1080 сағат), ҚММУ; 2012 жылы «Кардиология» мамандығы бойынша біліктілікті жоғарлату (54 сағат), «Стратегия ведения больных с острым коронарным синдромом на госпитальном этапе» циклі, Астана қ., 2012 жылы – «Acute Coronary syndrome» (90 hours), Kaunas, Lithbania; 2013ж. – Мәскеу халықаралық кардиологтар Форумының сертификаты берілді (постерлік баяндама), Мәскеу қ.; 01.05.13 – 25.07.2013ж аралығында «Функционалды диагностика» мамандығы бойынша біріншілік қайта даярлау (1080 сағат), ҚММУ; 13.10.2014 -21.11.2014 – «Antimicrobial resistance and Stewardship Programme» тақырыбына байланысты тәжірибеге қатысты (324 сағат), Стокгольм, Швеция; 08.12.2014 - 22.12.2014 жж. – «Acute Coronary syndrome» тақырыбы бойынша біліктілікті жетілдіру (108 сағат), Kaunas, Lithbania. 01.06.2015-30.06.2015 – «Кардиология» пәні бойынша академиялық мобилділік (резидент-кардиологтарға ағылшын тілінде дәрістер оқу), Эрзурум қ., Түркия; 25.11.2015-28.11.2015 – 31 Халықаралық Түрік кардиологтер конгрессі, Анталия, Түркия (баяндама).Коронарлы тамырларды кішіинвазивті әдіспен зерттеу – коронарографияны меңгерген. Қазіргі уақыттағы қызығушылығы – кардиология, оның ішінде интервенционалды, аритмология.  ҚЖА бойынша Облыстық штаб мүшесі, ҚЖА бойынша жұмыс комиссия төрайымының орынбасары. Қарағанды қаласының қоғамдық ұйымдарда жүрек-тамырлық жүйе ауруларын біріншілік алдын-алумен байланысты тақырыптарда дәрістер оқиды. ҚОДСМ БСК облыстық штабында жұмысына, ҚР ДСМ кәсіби аурулар емі мен диагностика медициналық-экономикалық хаттамаларын құрастыру бойынша жұмыс тобында белсенді қатысқаны, жемісті еңбегі үшін құрмет мадақтамаларымен марапатталды. Кардиологтардың Еуропалық қоғам, профпатолог, терапевт, кардиологтар Ассоциациясының мүшесі.

Ғылыми-оқытушылық қызметі. Келесі тақырыптар бойынша бес ҒЗЖ орындаушысы болды: «Системообразующие механизмы физиолог-биохимических процессов сердечной и легочной систем при адаптации организма работающих к фиброгенной пыли (қортынды.)»; «Физиологические механизмы адаптации сердечной деятельности при сочетанном воздействии на организм угольной пыли и вибрации» (фундам. ҒЗЖ); «Изучение патогенетических механизмов пылевой патологии в сочетании с вибрационной болезнью, разработка диагностических и профилактических подходов» (прикладн. ҒЗЖ); «Оценка риска профессиональных заболеваний легких и разработка критериев донозологической диагностики у работающих на хризотил-асбестовом производстве», «Медицинская реабилитация как способ управления профессиональным риском развития пылевой патологии у рабочих промышленных предприятий». Халықаралық және республикалық мәндегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалармен шықты. 2009 жылы 14.00.50 Еңбек медицинасы мамандығы бойынша «Состояние окислительного метаболизма у шахтеров с сочетанной профессиональной патологией (антракосиликоз и вибрационная болезнь)» тақырыбында диссертациялық жұмыс қорғады. №2 ішкі аурулар кафедрасында оқу-әдістемелік жұмысты орындап, 4 курстың оқу ісінің меңгерушісі болды. Студенттерде тәжірибелік сабақтар жүргізді. Студенттерге орыс және ағылшын тілдерінде, практикалық денсаулық сақтау мен үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің тыңдармандарына орыс тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді. 80 астам баспалық жұмыстар шығарылды. Оның ішінде – 7 әдістемелік нұсқаулар,1 ҚР ДСМ паненті, 15 ендіру акті, 3 әдістемелік нұсқаулық өңделуде. 2012-2013жж профессорлы-оқытушылық құрамның рейтингтік қызметі қорытындысы бойынша«Ең үздік университет ассистенті»номинациясын жеңіп алды . Г.Т. Игимбаева педагогикалық үрдіске шығармашылық көзқарас көрсетеді, инновацияларға дайындық. ҚР ДСМ фармациялық және медициналық бақылау Комитетінің құрамында сарапшы ретінде қарастырылады. Республикалық комиссияның шешімімен 2014ж. 18 маусымынан шет елде  кадрларды  кайта даярлау "Болашақ"(тағылымдама Швецияда, Каролина университеті) Қазақстан Республикасының Президентінің халықаралық шәкіртақысы тағайындалды.

8cc9ccb6310f1696eaed49b7c6968262

ca51d5907afc435e61419db7a875b153

8ab77d50144ff1c2da09990c9bf6e960

Р.А. Омарова және Г.Т. Игимбаева (жұмыс уақыты)

Т.А. Баешева –медицина ғылымдарыныңкандидаты, доцент. 1990жҚарағанды мемлекеттік медицина институтын аяқтады. Интернатураны өткен соңТорғай облысы Державинск қ. учаскелік дәрігері болып жұмыс жасады. 1996 жылдан бастап ҚММИ госпиталды терапия кафедрасының – дәрігер-зертханашысы, кейін – ассистенті. ҚММА профессорлық-оқытушылық құрамының рейтингі бойынша әдіскер (2003-2004 ж.ж.), ғылыми-педагогикалық эксперимент бөлімінің әдіскері (2004-2006 ж.ж.) кейін осы бөлімнің бастығы (2006-2008 ж.ж.). 2008ж.-дан – ҮКДФ терапевтік пәндер кафедрасының ассистенті, 2009ж-дан қазіргі уақытқа дейін – доценті. 2006ж. «Асқазанның және ұлтабардың жара ауруы ағымының клиникалық-биохимиялық белгілері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. 1 патент, 65 баспа жұмысы, соның ішінде 1 оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік ұсыныс, зияткерлік меншік нысанын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігі бар.«ҚММА профессорлық-оқытушылық құрамының рейтингі туралы Ереже», «Бөлімше туралы Ереже: ғылыми-педагогикалық эксперимент бөлімі», «Магистратура туралы Ереже», ҒПЭ бөлімі үшін қызметтік нұсқаулықтар дайындауға қатысты. 2011ж. магистранттарды қорытынды аттестациялау бойынша МАК хатшысы, ҮКДФ деканының орынбасары. «Жүкті әйелдердегі экстрагениталдық патология: өзекті мәселелері және шешу жолдары» (2013) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастыру комитеті құрамына кірді. Жоғары санатты әдіскер, ультрадыбыстық диагностика бойынша екінші санатты дәрігері, терапия, гастроэнтерология бойынша сертификаттары бар. 3 мамандық бойынша куратор, кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша, магистратурада оқыту бойынша жауапты, «Қарағанды терапевтері және терапевтік саладағы мамандар қауымдастығы» ҚБ хатшысы. ЖОО алғысхатымен марапатталған, 2011 -2015 ж.а. «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау дамуының мемлекеттік бағдарламасы бойынша  Бұқар-Жырау ауданының тұрғындарына скринингтік тексеріс жүргізгеніне белсенді қатысқаны үшін ҚММУ ректорымен алғыс хат тапсырылды.

d7186c56d97ba150149add8c39b7268a

Доцент Т.А. Баешевапрактикалық сабақта

О.И. Требухина – медицина ғылымдарының кандидаты. 1948 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын үздік аяқтады. 1989-1992 жж аралығында Украин дәрігерлерді жетілдіру институтында аспирантурада оқыды. 1993 жылы «Аускультативная симптоматика острого инфаркта миокарда» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Кафедрада 2005 жылдан бастап ассистент қызметінде, 2011 жылдан бастап доценттің м.а. қызметінде жұмыс істеді.  35 баспа жұмыстардың және 1 оқу-әдістемелік құралдың авторы, функционалдық диагностика дәрігерінің жоғарғы санаты бар. «Қарағанды терапевтер және терапевтік профилді мамандар ассоциясының» мүшесі. 

17a91385385d3ec034f5844683638794

Доценттің м.а. О.И. Требухина практикалық сабақта

a3622e95bbcf08306c105327407659ea

Магзумов Газиз Кабылтаевич«Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментінің» мадақтау грамоталарымен бірнеше рет марапатталған

Қазақстан Республикасының Президентінің жарағы бойынша «ҚҰРМЕТ» төсбелгімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде таңбасымен, жоғарғы дәрежелі «Алтын Қыран» ерекшелік орденімен марапатталған. Бірнеше рет алыс және шет ел қалаларында біліктілікті жоғарлатудан өткен (Мәскеу, Польша, Вена). Бірнеше жылдар бойы кардиохирургиялық және ангиохирургиялық бағыттарды дамытуға арналған  толық және кешенді бағдарламалар және шаралар енгізумен айналысқан.  

91eb37414a9e8cf9da03a05eb6225dbf

Шалыгина Анна Андреевна –  №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, машықтанушы. 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Емдеу ісі» мамандығын үздік аяқтады. 2011 жылы «Терапия» мамандандырылуы бойынша интернатураны аяқтады. 2011-2013 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Терапия» мамандығының бағыты  бойынша резидентурада білім алды. Резидентураны аяқтаған соң «Ревматология мамандығы бойынша қайта даярлықтан өтті. 2015 жылдан бастап Облыстық клиникалық ауруханада ревматолог дәрігер болып жұмыс істейді. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қызметкері болып жұмыс істейді. №3 ішкі аурулар кафедрасының интерндерінің кураторы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды бағыттары диагностиканың заманауи әдістерін және ревматикалық аурулардың терапиясын зерттеу болып табылады. 

bddfa1251d9aa079d697dda130ba5fde

Ассистент – машықтанушыА.А. Шалыгина интерндармен практикалық сабақта.

И.В. Бачева –медицина ғылымдарыныңмагистрі, PhD-докторант. 2000 ж.Қарағанды мемлекеттік медицина академияcын аяқтады, 2009ж. – 2011ж. аралығында ғылыми-педагогикалық бағыттағы 6М110100Медицинамамандығы бойынша2 жылдық магистратурада оқыды, «Липидтік алмасудың бұзылуы және созылмалы гломерулонефритпен ауыратын науқастарда оны коррекциялау мүмкіндігі» тақырыбына магистрлік диссертациясын үздік қорғады. 2008ж. мен 2014ж аралығында – ҮКДФ терапевтік пәндер кафедрасының ассистенті. Дәрігер-кардиологтың екінші біліктілік санатына, нефрология бойынша сертификатқа ие. Зияткерлік меншік нысанын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігі бар, 30 авторлық және қосалқы авторлы басылымды жұмыстары бар, 1 оқу-әдістемелік құрал және әдістемелік ұсынысымен қоса. 2012ж. «ҚММУ үздік жас ассистенті» дипломымен марапатталды. 2 мамандық бойынша куратор, резидентурада, Рh-D-докторантурада оқыту бойынша жауапты, «Қарағанды терапевтері және терапевтік саладағы мамандар қауымдастығы» ҚБ мүшесі. 2014ж бастап PhD-докторантурасында оқиды, кафедрада қосымша қызметкер ретінде ассистент.

b456b9609ce1287b2923807c8fdfdf98

Медицина ғылымдарының магистрі И.В. Бачева практикалық сабақта

Негізгі ғылыми бағыттары жүкті әйелдердегі экстрагениталдық патологияны диагностикалау және емдеуді жетілдіру сұрақтары болып табылады. 2014ж бастап «Экологиялық тәуекел және тұрғындардың денсаулығы» (№ мем. Тіркеуі 0114 ҚР 00302) тақырыбы бойынша  профес. Л.Г. Тургунова және доц. Т.А. Баешева ҒЗЖ қатысады. Жыл сайын кафедра қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасайды, 40-тан аса, соның ішінде тәжірибелік денсаулық сақтау дәрігерлерімен бірлескен, республикалық және халықаралық маңызы бар баспаларда баспа жұмыстарын шығарады. Тәжірибелік денсаулық сақтауға (ОКА нефрологиялық, гематологиялық бөлімшелеріне, ОКА емханасына, ОМО, Қарағанды қ. ЖДА) емдеу-диагностикалық процесті жетілдіру бойынша 40 ұсыныс енгізілді.