Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
ЖОО-ның миссиясы және саясаты

ЖОО-ның саясаты және миссиясы

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздерді «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ қошеметпен қарсы алады!

Біздің университет 1950 жылы құрылған, денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар дайындау бойынша Қазақстанның жетекші медициналық ЖОО болып табылады, білім беру, ғылыми және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету салаларында жоғары беделге ие.

Бүгінгі күні университет мамандарды көп деңгейлі сатыда дайындауды іске асыруда: бакалавриат, жоғары оқу орынан кейінгі (магистратура, резидентура, докторантура) және қосымша білім беру. Оқыту мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте сегіз мыңнан аса білім алушы бар. Біздің түлектер Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде табысты жұмыс атқарады.

Университетте жоғары білікті оқытушылар, олардың ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Медицина ғылымдары академиясының, Әскери ғылымдар академиясының,ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының,  Ресей Жаратылыстану академиясының, Халықаралық ақпараттандыру акдемиясының, Еуразия халықаралық ғылымдар академиясының 22 академигі және корреспондент-мүшесі, 56 ғылым докторы, 31 PhD докторы, 169 ғылым кандидаты  және 129 магистр дәрежесі бар маман сабақ береді.

Білім беру және ғылыми зерттеулер сапасы жоғары деңгейдегі инфрақұрылыммен  қамтамасыз етіледі, олардың көбі интерактивті құралдармен жабдықталған дәрісханалары бар 7 оқу ғимараты, оқу залдары және электронды кітапхана залдары бар ғылыми кітапхана, жоғары технологиялық жаттығу құрылғылары мен манекендермен жабдықталған симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы, Ғылыми – зерттеу орталығы және ұжымдық пайдалану зертханасы, Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы, 6 жатақхана, 57 клиникалық база, Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерінде 476 кәсіби тәжірибеден өту базалары, Медицина университетінің клиникасы, стоматологиялық клиника, студенттік спорттық-сауықтыру лагерлері. 

«ҚМУ» КеАҚ - 2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001 NQA – UK (Ұлыбритания), NQA – Russia сертификаттау органы өткізген сапа менеджменті жүйесінің білім беру, ғылыми және клиникалық қызметтерге сәйкестікке  сертификаттауын ойдағыдай өткен ҚР бірінші медициналық жоғарғы оқу орны. 2015 жылы SGS (Швейцария) сертификаттау органында сертификат алды, 2020 жылы «Руский регистр» (Ресей) сертификаттау қауымдастығының сертификатына ие болды.

«ҚМУ» КеАҚ Дүнежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және Дүниежүзілік Медициналық білім беру Федерациясының «Авиценна» медицина мектептерінің Директорийіне енгізілді. «ҚМУ» КеАҚ Университеттердің Ұлы  Хартиясының (MCU), Еуропаның медициналық білім беру қауымдастығының (АМЕЕ), Медициналық білім беруді оқыту Қауымдастығының (ASME), Азия Медициналық білім беру қауымдастығының (АМЕА), Еуропалық жүйедегі Биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы PhD Қорғау ұйымының (ORPHEUS), Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы университеттік  ұтқырлықты ұйымдастыру ұйымының (UMAP), Білім дамыту халықаралық қауымдастығының (IADE),  Барселонаның  Менеджменттің жоғары мектебі қауымдастығының  (GSMB), Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EUA) мүшесі болып табылады.

Қарағанды медицина университетінде білім алу – бұл тұрақты болашақтың кепілі!

Біздің университетке қош келдіңіздер!

Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы

м.ғ.д., «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрайымы-Ректоры



«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ сапа саласындағы саясаты

Миссиясы

Ғылым, білім және тәжірибеде жақсы жетістіктерге қол жеткізу арқылы қоғамның дамуы, Қазақстан халқының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту.

Болашақты болжау

Қазақстандық қоғамның игілігі үшін қызмет ететін әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті.

Құндылықтар

Дәстүрлер

Академиялық адалдық

Кәсіпқойлық

Инновациялар

Азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік

Сапа саласындағы саясатты қабылдай отырып «ҚМУ» КеАҚбасшылығы келесі міндеттемелерді өзіне жүктейді:

1)  барлық қызығушылық танытқан елдердің талаптары мен болжамдарына жауап беретін, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары деңгейде мамандар дайындығын қамтамасыз ету бойынша;

2)  білім беру, ғылыми, клиникалық және инновациялық қызметтердің ішкі және сыртқы нарығында ЖОО-ң жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша;

3)  көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қызметіндегі шығындарды төмендету мақсатында университет инфрақұрылымын тұрақты түрде жақсарту және жаңартып отыру бойынша;

4)  Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басқа да мүдделі тараптардың талаптарына сәйкес жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу бойынша;

5)  тұтынушылардың және басқа да мүдделі тараптардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жетілдіру бойынша.

Сапа саласындағы саясатты қабылдай отырып, «ҚМУ» КеАҚ басшылығы өз қызметінің негізгі қағидаттарын ресми мәлімдейді:

1)  стратегиялық жоспарлау және «ҚМУ» КеАҚ даму стратегиясын жүзеге асыру;

2)  қарқынды дамушы және табысты зерттеу қоғамдастығын қалыптастыру;

3)  тұтынушылардың (тұлға, қоғам, ұйым, мемлекет) көрсетілетін қызметтер сапасына  қанағаттанушылығы;

4)  университеттің басқарушылық құрылымында студенттік өзін-өзі басқаруды және студенттер өкілдігін дамыту;

5)  көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту үшін инновациялық технологияларды дамыту;

6)  кадрлық ресурстарды дамыту;

7)  ұжымдық мәдениет пен сапа мәдениетін дамыту;

8)  ұлттық және халықаралық деңгейде әріптестік қарым-қатынастарды дамыту және нығайту;

9)  материалдық-техникалық базаны дамыту және ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

«ҚМУ» КеАҚ Сенат шешімінің

2019 ж. «22» қазандағы № 1 хаттамасымен бекітілді