2024 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
Медицина университеті клиникасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрайымы – Ректордың бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 11 наурыз бен 15 сәуір аралығында Медицина университеті клиникасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Мүдделі тұлғаларды Гоголь көшесі, 40 мекенжайы, 302 кабинет немесе 8 (7212) 503930 (1273) телефоны бойынша университеттің комплаенс-офицері Урмашов Александр Николаевичке хабарласуларыңызды сұраймыз.
Медицина университеті клиникасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауМедицина университеті клиникасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін көпшілік алдында талқылау жүргізу туралы
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрайымы – Ректордың 07.03.2024ж. №101 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 11 наурызбен 15 сәуір аралығында Медицина университеті клиникасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
8 сәуір сағат 14.00-де Webex арқылы онлайн режимде Медицина университеті клиникасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін көпшілік алдында талқылау жүргізіледі. https://qmu.webex.com/meet/urmashov сілтеме арқылы жиналысқа қосылуға болады.
Мүдделі тұлғалар университеттің комплаенс-офицері Александр Николаевич Урмашовқа келесі мекенжай бойынша: Гоголь көшесі, 40, 302 кабинет немесе 8(7212)503930 (1273) телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
Медицина университеті клиникадағы СЖТІТ нәтижелері бойынша түзету іс-шараларының жоспары