Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Резидентура
Білім беру бағдарламалары
7R01145 Патологиялық анатомия

7R01145 Патологиялық анатомия

Білім беру саласы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

Дайындау бағыты

7R011 Денсаулық сақтау

Білім беру бағдарламасының тобы

R050

Білім беру бағдарламасы

7R01145 Патологиялық анатомия

Білім беру бағдарламасының миссиясы

Клиникалық жұмыспен, ғылыми зерттеулермен айналысуға және біліктілігін арттыруды жалғастыруға, сондай-ақ бүкіл еңбек қызметі барысында өзін-өзі дамытуға қабілетті білікті, бәсекеге қабілетті патологанатомдар дәрігерлерін даярлау.

Түлектің құзыреттілігі

Клиникалық дағдылар: денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен халық үшін іргелі маңызы бар базалық биомедицина ғылымдары саласындағы белгіленген және жаңа ғылыми қағидаттарды қолдану.

Коммуникация: пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен,  тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды көрсету.

Кәсіпқойлық: кәсіби міндеттерді орындауға, этикалық қағидаттарды сақтауға бейілділігін көрсету және медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін неғұрлым тиімді әдістерді пайдалану.

Нормативтік-құқықтық білім: денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздері аясында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну және көрсету және оларды оңтайлы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін өзінің практикалық қызметінде басшылыққа алу.

Зерттеулер: өз пациенттерін емдеу нәтижелерін зерттеуге және бағалауға, ғылыми деректерге негізделген емдеу қағидаттарын бағалауға және енгізуге қабілетті.

Жеке және кәсіби даму: тұрақты жеке және кәсіби өсуді қамтамасыз ету үшін қажетті қасиеттерді көрсету, үздіксіз өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде пациенттерді күтіп-бағуды үнемі жетілдіруді көрсету.

ББ түрі

Жаңа ББ

БҰЖ деңгейі

7

БСЖ деңгейі

7

Айрықша ерекшеліктері

Құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған оқытудың модульдік технологиясы

Академиялық ұсынылған дәрежесі

"Патологиялық анатомия" мамандығы бойынша дәрігер

Оқу мерзімі

2 жыл

Кредит көлемі

140R01145 Патологиялық анатомия

Оқыту тілі

Қазақша, орысша

Мамандарды дайындау бағыттары бойынша лицензия қосымшасының жетімділігі

7R091 Денсаулық сақтау бағыты бойынша, 2019 ж. 6 мамыр KZ32LAA00016018 лицензиясы

Аккредитацияның болуы

-

Маман қызметінің тізімі

Дәрігер - патологанатом  (ересек, балалар)

Кәсіби қызмет саласы

- денсаулық сақтауды басқару ұйымдары;

- денсаулық сақтау ұйымдары;

- білім беру ұйымдары;

- ғылым ұйымдары;

- әлеуметтік қорғау ұйымдары

Кәсіби қызмет нысаны

Балалар мен ересек тұрғындар.