7R01145 Патологиялық анатомия
Білім беру саласы |
7R01 Денсаулық сақтау (медицина) |
Дайындау бағыты |
7R011 Денсаулық сақтау |
Білім беру бағдарламасының тобы |
R050 |
Білім беру бағдарламасы |
7R01145 Патологиялық анатомия |
Білім беру бағдарламасының миссиясы |
Клиникалық жұмыспен, ғылыми зерттеулермен айналысуға және біліктілігін арттыруды жалғастыруға, сондай-ақ бүкіл еңбек қызметі барысында өзін-өзі дамытуға қабілетті білікті, бәсекеге қабілетті патологанатомдар дәрігерлерін даярлау. |
Түлектің құзыреттілігі |
Клиникалық дағдылар: денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен халық үшін іргелі маңызы бар базалық биомедицина ғылымдары саласындағы белгіленген және жаңа ғылыми қағидаттарды қолдану. Коммуникация: пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен, тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды көрсету. Кәсіпқойлық: кәсіби міндеттерді орындауға, этикалық қағидаттарды сақтауға бейілділігін көрсету және медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін неғұрлым тиімді әдістерді пайдалану. Нормативтік-құқықтық білім: денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздері аясында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну және көрсету және оларды оңтайлы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін өзінің практикалық қызметінде басшылыққа алу. Зерттеулер: өз пациенттерін емдеу нәтижелерін зерттеуге және бағалауға, ғылыми деректерге негізделген емдеу қағидаттарын бағалауға және енгізуге қабілетті. Жеке және кәсіби даму: тұрақты жеке және кәсіби өсуді қамтамасыз ету үшін қажетті қасиеттерді көрсету, үздіксіз өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде пациенттерді күтіп-бағуды үнемі жетілдіруді көрсету. |
ББ түрі |
Жаңа ББ |
БҰЖ деңгейі |
7 |
БСЖ деңгейі |
7 |
Айрықша ерекшеліктері |
Құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған оқытудың модульдік технологиясы |
Академиялық ұсынылған дәрежесі |
"Патологиялық анатомия" мамандығы бойынша дәрігер |
Оқу мерзімі |
2 жыл |
Кредит көлемі |
140R01145 Патологиялық анатомия |
Оқыту тілі |
Қазақша, орысша |
Мамандарды дайындау бағыттары бойынша лицензия қосымшасының жетімділігі |
7R091 Денсаулық сақтау бағыты бойынша, 2019 ж. 6 мамыр KZ32LAA00016018 лицензиясы |
Аккредитацияның болуы |
- |
Маман қызметінің тізімі |
Дәрігер - патологанатом (ересек, балалар) |
Кәсіби қызмет саласы |
- денсаулық сақтауды басқару ұйымдары; - денсаулық сақтау ұйымдары; - білім беру ұйымдары; - ғылым ұйымдары; - әлеуметтік қорғау ұйымдары |
Кәсіби қызмет нысаны |
Балалар мен ересек тұрғындар. |