Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған шығарма байқауының ЕРЕЖЕСІ

Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған шығарма байқауының ЕРЕЖЕСІ

12 Наурыз 2015


Жалпы ереже

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының,  яғни  Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған шығарма байқауы  іс-шара жоспары бойынша студенттердің Отанымыздың тарихына қызығушылығын арттыру,  Отанымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін өмірлерін қиған ата- бабаларымызды  еске алу мақсатында  ұйымдастырылады.

Байқау медициналық колледж студенттерінің арасында өткізіледі.

Үздік  шығарма университеттің сайтында және «Медик» газетінде басылып шығарылады.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу реті

Бұл байқауды медициналық колледж ҚММУ студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімімен бірлесіп, ұйымдастырып өткізеді.

Байқауға осы тақырыпта жазылған шығарма жұмыстары қатысады.

Байқауға бір қатысушының бір ғана шығармасы алынады.

1.  Жұмысты қабылдау: 2015 жылдың 01-інші наурызынан 30-сәуіріне дейін (18.00 сағ.).

2.  Шығарманың қорытынды нәтижесі: 2015 жылдың 04-інші мамырынан 08- мамыры аралығында.

Шығармаға қойылатын талаптар.

1.  Шығарманы электронды түрде жазужәне электронды почтамен жіберу: Ungarbaeva@qmu.kz –студенттермен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Унгарбаева Айгуль Аманжоловна.

2.  ҚММУ медициналық колледж білім алушыларының ғана шығармалары қабылданады.

3.  Шығарманың көлемі 3 беттен кем болмауы керек, 14 шрифт, Times New Roman.

4.  Қатысушы туралы  мәліметтерді  көрсету (Т.А.Ә., тобы, байланыс телефоны).

5.  Шығарманы  кез келген жанрда  және техникада орындалған суреттермен безендіруге болады (фотографиялар, суреттер, коллаждар, компьютерлік графика және т.б.).

6.  Байқаудың шартына сәйкес келетін шығармалар ғана қабылданады.

7.  Көрсетілген мерзімнен кеш түскен шығармалар байқауға қатыспайды.

8.  Байқауға қатысқан шығармаларға пікір жазылмайды, қайтарылмайды, коммерциялық емес мақсатта, БАҚқолданылады, авторлық құқығы сақталады. Байқау комиссиясы

1.  Байқау комиссиясының құрамына әкімшілік, ҚММУ медициналық колледждің гуманитарлық пәндердің циклдік әдістемелік комиссия мүшелері қатысады.

2.  2015-жылдың мамыр айында байқау комиссиясы мүшелерінің шешімімен қазақша жәна орысша жазылған үздік шығарма анықталынады. Жеңімпазға сертификат беріледі.

Критерилері.

1) Байқау тақырыбына сай келуі.

2) Талқылау құрылымы және ойлау ой-өрісі

3) Жазба тілінің сапасы.

4) Тақырыпқа сай өзінің ой-толғауы

5) Сауаттылығы.

Ескерту

1.  Байқауға қатысқан материалдар қайтарылмайды. Материалды әрі қарай қолдану құқығы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің иелігіне тиесілі.


0
19869

пікірлер

пікір қалдыру үшін.