Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Докторанттар мен жас ғалымдардың назарына!

Докторанттар мен жас ғалымдардың назарына!

12 Ақпан 2015

Coimbra университеттер тобы Еуропамен көршілес елдердің жас зерттеушілері үшін грант ұсынып отыр.

Coimbra тобының университеттері Еуропамен көршілес елдердің (Албания, Алжир, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Босния және Герцеговина, Египет, Македония, Грузия, Израиль, Иордан, Қазақстан, Косово, Қырғызстан, Ливан, Ливия, Молдова, Черногория, Марокко, Государство Палестина, Сербия, Сирия, Тәжікстан, Тунис, Түркместан, Украина және Өзбекстан) жооларының жас ғалымдарының келуі үшін қысқа мерзімді келулерді ұсынады.

Бағдарлама жас ғалымдарға (35 жастан төмен) арналған. Кандидаттар жоғарыда көрсетілген елдердің бірінің азаматы болуы керек және осы елдердің бірінің университетіндегі профессор-оқытушылар құрамынан болуы керек. Одан басқа, кандидаттар докторлық дәрежеге (немесе оған сәйкестендірілетін) ие болуы керек. Алайда кейбір университеттер докторантурада оқитын азаматтар үшін де мүмкіндік бере алады.

Өтінімдер беру мерзімі: 2015-жылдың 31-наурызы

Өтінім формасы мына жерде қолжетімді: www.coimbra-group.eu/activities/scholarships

Басқару және дамыту стратегиясы орталығы

0
18478

пікірлер

пікір қалдыру үшін.