Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

04 Шілде 2014

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Сіздерді 2014 жылдың 2-3 қазанында өтетін «Онкогематологиядағы инновациялық технологиялар» тақырыбында халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция барысында гематология және онкологияның өзекті мәселелері, диагностикалау, емдеу және бұл аурулар кезінде қолдау көрсету терапиясын жасау мәселелері қаралады. Бағдарлама аясында гематология мен онкология бойынша отандық  және шетелдік жетекші мамандардың баяндамалары жоспарланған. Конференция барысында мастер-кластар, сателлитті отырыстар, жабдықтар мен дәрілік заттар көрмесі өткізілетін болады.  

Конференцияның мақсаты – ғалымдар мен клиника қызметкерлерінің гематология және онкологияны диагностикалау мен емдеу саласына қосқан үлестерін бір арнаға шоғырландыру және тәжірибе алмасу.

Конференцияның жұмысы келесі мәселелерді қарастыруға бағытталған:

1.  Ходжкин лимфомасы және ходжкиндік емес лимфоманы диагностикалау және емдеуәдістері

2.  Өткір және созылмалы лейкемия

3.  Миелодиспластиялық синдромдар

4.  Колоректалдық қатерлі ісікті диагностикалау және емдеу ерекшелігі

5.  Ұйқы безінің қатерлі ісігі

6.  Өкпе қатерлі ісігі

7.  Сүт безінің қатерлі ісігі

8.  Балалар онкологиясы мен гематологиясының өзекті мәселелері

9.  Гематологиялық және онкологиялық аурулар кезінде қолдау көрсету терапиясы мен паллиативті көмек беру мәселелері

Конференцияға қатысу үшін гематологиялық, онкологиялық бейін дәрігерлері, ғалымдар, медициналық жоғары оқу орын және колледж білім алушылары, практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері мен медициналық мейірбикелер шақырылады

Конференцияға қатысу үлгісі: ауызша баяндама, постерлік баяндама, конференция материалдарының жинағын жариялау.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастырушы комитеттің мекенжайына келесі материалдарды жіберу қажет:

1.  конференцияға қатысу өтінімі (үлгісі қоса берілген)

2.  баяндама, мақала (электрондық нұсқасы)

3.  жарияланым төлемақысы және ұйымдастыру жарнасы туралы түбіртек көшірмесі

Ауызша және/немесе постерлік баяндамалармен конференцияға қатысу үшін өтінім беру (толтырылған үлгісі) мерзімі – 2014 ж. 10 тамызы

Конференция материалдарының жинағын жариялауүшін мақаланы

ұсыну мерзімі –2014 ж. 8 қыркүйегі 

ЖАРИЯЛАНЫМДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

1.  Мақаланың мәтіні стандартты парақтың бір жақ бетіне басылуы тиіс. 1 параққа 30 жолдан аспайтын мәтін сыйюы қажет. Мәтін шрифті Times New Roman, 14- кегль, жол арақашықтығы бір жарым мөлшерлі, жоғарғы және астыңғы жолақ 2 см, сол жағы 3 см, оң жағы 1,5 см. Мақаланың түпнұсқасында келесі бөлімдер болуы қажет: кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелері мен талқылау, қорытындылар, әдебиеттер тізімі. Егер автор қызықты оқиғаны суреттегісі келсе, тәжірибесімен, ұсыныстарымен және кеңестерімен бөліскісі келген жағдайда, мақаланы еркін түрде жаза алады.

2.  Жариялау үшін берілетін мақала 2 данада және электронды нұсқада (флеш-карта) немесе электрондық почта (Serbo@qmu.kz) бойынша ұсынылуы тиіс. Мақала машинада басылған, әдебиеттерді қоса алғанда 4 парақтан аспауы қажет. Жариялауға бір автордан 3 мақаладан артық қабылданбайды.

3.  Оң жақ бұрышта бірінші жолда ӘОК, төменгі жолында автордың Т.А.Ә. (бес жолдан артық емес)* жазылады. Үшінші жолда – тезис атауы (бас әріптермен), төртінші жолда – мекеменің, қала атауы**. Мақаланың соңында міндетті түрде авторлардың тегі, аты, әкесінің аты (толығымен), әр автордың жұмыс орны және қызметі, мекенжайы мен телефондары, әр автордың электронды мекенжайы көрсетілуі тиіс. Жариялауға бір автордан 3 мақаладан артық қабылданбайды.

* Автор(-лар)дың Т.А.Ә. әрқайсысының жұмыс орнымен индекстеледі – А.В.Витавская 1, Н.И. Пономарева 2, Г.К. Алтынбаева 3

** Автор(-лар)дың жұмыс орны– Алматы технологиялық университеті1, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараторталығы 2, Рудный индустриалдық институты3.

4.  Мақалада жариялау құқығын растайтын бөлім, мекеме басшысының визасы болуы тиіс.

5.  Жалпы бекітілген қысқартулардан басқа, сөздерді, аттарды, атауларды қысқартуға жол берілмейді. Өлшем бірліктер СИ жүйесі бойынша жасалады. Аббревиатуралар мәтінде бірінші кездескен бойда мағынасы ашылып жазылады және өзгеріссіз қалады.

6.  Конференция материалдарының жинағына мақалалар тура көшіру әдісімен енгізіледі, сондықтан жоғарыда көрсетілген барлық талаптар сақталған, жете өнделген жұмыс қана қабылданады.

7.  Алдында жарияланған немесе басқа редакцияға жариялау үшін берілген жұмыстарды конференцияны ұйымдастыру комитетіне жіберуге тиым салынады.

8.  Жариялану құны, ұйымдастыру комитетінің талаптары бойынша басылған 1 парақ үшін 500 теңге.

Ұйымдастыру жарнасы 5 000 теңге немесе 1 500 теңге көлемінде 2014 жылдың 8 қыркүйегіне дейін «ҚММУ қызметкерлері мен студенттерінің тәуелсіз кәсіподағы» ҚБ есепшотына аударуға болады. Іссапарға қатысты және тұру шығындары жіберуші тарапынан төленеді.

5 000 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасының ішіне мыналар кіреді:

-  конференция жұмысына қатысу

-  конференцияматериалдары (жинақ)

-  қатысушы жинақтамасы

-  қатысушы сертификаты

1 500 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасының ішіне мыналар кіреді:

-конференция жұмысына қатысу

-конференцияматериалдарының электронды нұсқасы (CD-диск)

-қатысушы жинақтамасы

-қатысушы сертификаты

Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференция мақалалары мен баяндамаларын іріктеу құқығына ие.

Тіркелу формасын төлеуіңізді өтінеміз, оны ҚММУ сайтының (www.qmu.edu.kz) «Ғылым» бөлімінен алуға болады – «ҚММУ ғылыми іс-шаралары» - «ҚММУ конференциялары»(http://kgma.kz/ru/2638.html) және электрондық почта бойынша serbo@qmu.kzжіберуге болады. 

Назар аударыңыз!!! Конгрестің ұйымдастыру комитетіне жіберілген қандай да бір ақпарат (хаттар, жариялау үшін жіберілген материалдар, қатысу өтінімі және т.б.), ұйымдастырушы комитетінен хаттың оқылғандығы туралы жауап хатты жіберуші алған жағдайда ғана есептеледі

Конференцияны өткізу орны:

100000, Қазақстан Республикасы,

Қарағанды қ., Гоголь көш., 40.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Ұйымдастырушы комитетпен байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.

Гоголь көш., 40, 139 каб.

Тел 8-(7212)-513897 (108)

Конференция материалдарын жинақтау үшін жауапты хатшымен

байланысу ақпараты:

Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды қ., Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Гоголь көш., 40, №137 каб., «Медицина және экология» журналының редакторы Сербо Екатерина Сергеевна, serbo@qmu.kz, байланысу телефоны: 8(7212) 51-38-97 (138), 8-701-366-14-74

Жарияланым төлемақысы үшін ҚММУ реквизиттері:

Ұйымдастыру жарнасын төлеу үшін реквизиттер:

«Қарағанды мемлекеттік университеті» РМК

Адрес: Қарағанды, Гоголь к., 40

ИИК   KZ698560000000502860

БИН  990240001118

Тел.:  51-38-97

Банк  ФАО «БанкЦентрКредит»

Қарағанды қ.

БИК  KCJBKZKX

Кбе  16

КНП 859

«Жинақта жарияланым үшін» жазбасымен

«ҚММУ қызметкерлері мен студенттерінің тәуелсіз кәсіподағы» ҚБ

Қазақстан Халық Банкі АҚ

БИН 030240000359

БИК HSBKKZKX

ИИК KZ166010191000044760

Код 18

«Ұйымдастыру жарнасы үшін» жазбасымен

«Көрме ұйымдастыру үшін» жазбасымен

«спонсорлық көмек үшін»

1-қосымша

Конгреске қатысу үшін өтінім

Т.А.Ә. (толығымен)

Мемлекеттік тілде______________________________________________________________

Орыс тілінде __________________________________________________________________

Ағылшын тілінде ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы ________________________________________________________

Ұйымы, қызметі ______________________________________________________________

Телефон ______________________________________факс____________________________

e-mail________________________________________________________________________

почталық мекенжайы____________________________________________________________________

  ауызша хабарлама   стендтік баяндама

Баяндаманың аты ______________________________________________________________

Конференцияға келу мерзімі: келу күні ___________________________________

  кету күні ____________________________________

Қонақ үйде  «________________»  «_________________» дейін орынға бронь сұраймын

«_____»______________20___ ж.

  (толтырған күні)


0
21731

пікірлер

пікір қалдыру үшін.