Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсы туралы

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсы туралы

28 Маусым 2024

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсы туралы

Құрметті білім алушылар!

2023-2024 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурс жарияланды. «"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығына және ҚМУ-нің Академиялық саясатына сәйкес:

«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары, оның ішінде батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс бүкіл оқу кезеңінде үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі. Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- ("өте жақсы") білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар. Босаған білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде жүзеге асырылады.»

Құжаттарды қабылдау 2024ж. 12 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Білім алушының мектепке ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі:

1. Университетің басқарма төрағасы-ректорының атына жазған өтінімі.

2. Транскрипт (сессия аяқталғаннан кейін).

3. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

4. Әлеуметтік мәртебе туралы анықтама (болған жағдайда).

Назар аударыңыз!

Білім беру гранттарының иелері (соның ішінде босаған бос гранттары иелері)

білу маңызды!

«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығына сәйкес:

3. Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.

4. Заңның 26-бабының 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары тізбесі «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №83 қаулысында айқындалған қоныс аударуға арналған өңірлерде ЖЖБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде екі жыл жұмыс істейді.

5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл тиісінше білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтейді.

6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді.

9. Осы Қағидалардың3, 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары:

 1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;

 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;

 3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдау шартымен ЖЖБҰ-дан оқудан шығарылған жағдайларда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖБҰ бітіргеннен кейін осы Қағидалардың3, 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген мерзім шегінде

өздері іс жүзінде оқыған уақытқа мөлшерлес жұмыспен өтейді.

Жұмыспен өтеу мерзімі мынадай формула бойынша есептеледі: , мұндағы:

Т – айлармен жұмыспен өтеу мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);

y – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқудың айлармен нақты мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);

x – ЖЖБҰ-да оқудың айлармен жалпы мерзімі (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);

z – осы Қағидалардың3, 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген, бүкіл мерзім бойы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды (4-тармақта көрсетілген азаматтар үшін 24 ай) құрайтын жұмыспен өтеу мерзімі. 

2023-2024 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясының қорытындысы бойынша босаған бос білім гранттарына үміткерлер бойынша ақпарат

0
429

пікірлер

пікір қалдыру үшін.