Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Академиялық ұтқырлықтан өтуге арналған бірқатар конкурстар жарияланады

Академиялық ұтқырлықтан өтуге арналған бірқатар конкурстар жарияланады

20 Мамыр 2024

Құрметті "ҚМУ" КеАҚ студенттері!

2024-2025 жылдың күзгі семестрінде академиялық ұтқырлықтан өтуге арналған бірқатар конкурстар жарияланады:

1.  Enciyes University, Түркия – 4 студент.

6В10102 – «Жалпы медицина» / «6В10108-Педиатрия» мамандықтарының 4 курсы үшін:

·  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаражаты есебінен – 2 орын;

·  "ҚМУ" КеАҚ қаражаты есебінен – 2 орын.

2.  Вильнюс Университеті, Литва – 2

6B101100 - "Мейіргер ісі" мамандығының 3-4 курсы үшін:

·  "ҚМУ" КеАҚ қаражаты есебінен – 2 орын.

Талап:

- 6В10102 «Жалпы медицина» / «6В10108-Педиатрия» мамандығының 4 курс студенті;

- 6B101100 – «Мейіргер ісі» мамандығының 3-4 курс студенті;

- GPA: 3,0 төмен емес;

- жоғары қарым-қатынас дағдылары;

- командада жұмыс істеу қабілеті;

- тәртіптік жазалардың болмауы.

-ағылшын тілін білу (меңгеру деңгейі B1-ден төмен емес).

- грант иегері (ҚР ҒЖБМ қаражаты есебінен)

Қажетті құжаттар:

- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);

- Өтініш (нысан бойынша);

- Келісім (нысан бойынша);

-Тіл білімін растау құжаты - ағылшын тілі сертификаті;

- Ұсыныс хат;

- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;

- Транскрипт;

- Фото 5 дана 3х4;

- Жарамды төлқұжат.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы 30 мамыр.

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, 331 кабинет, немесе эл.мекенжай бойынша: Omysheva@qmu.kz,Aman.r@qmu.kz


0
636

пікірлер

пікір қалдыру үшін.