Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

26 Қыркүйек 2023

Федералдық Білім және зерттеулер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жағары білім министрлігі сіздерді Алматыда 2023 жылғы 12-13 қазан аралығында Novotel Almaty қонақ үйінде (Достық даңғылы 104 А) өтетін неміс-қазақ ғылым күніне шын жүректен шақырады

Ғылым күнінің мақсаты – неміс және қазақстандық ғылыми жүйелерді жан-жақты көрсету, Германия мен Қазақстандағы қаржыландыру және ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасу, неміс және қазақстандық серіктестер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты бастау немесе нығайту, әлеует пен ынтымақтастық қажеттіліктерді талқылау.

Осы екі күндік іс-шара барысында қатысушылар Германия мен Қазақстандағы зерттеулер туралы жан-жақты түсінікке ие болады және елдердегі білім беру тақарыбы бойынша пікір алмасатын болады.

Сонымен қатар, неміс және қазақстандық қатысушылар ынтымақтастық нарығында өздерінің ұйымдарын, бағдарламалары мен жобаларын таныстыруға, ғылыми жобалар туралы ақпарат алмасуға және қатысатын ұйымдармен тікелей байланыс жасауға мүмкіндік алады.

Алдын ала күн тәртібі қоса беріледі.

Қатысатын болсаңыз, 2023 жылғы 3 қазанға дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркеуден  өтулеріңізді сұраймыз: https://forms.gle/57Nv8S1wV1a87EcU8

Сұрақтарыңыз болса, g.basharova@sci.gov.kz электрондық пошта арқылы бізбен хабарласуға тартынбаңыз.

Сіздерді Ғылым күнінде кездесуді асыға күтеміз!


0
1020

пікірлер

пікір қалдыру үшін.