Құрметті "ҚМУ" КеАҚ студенттері!
Ташкент педиатриялық медициналық институтына 2022-2023 жылдың күзгі семестрінде 6В10102 – «Жалпы медицина» мамандығының интерндері үшін академиялық ұтқырлықты тапсыруға конкурс жарияланады.
Орын саны - 5.
Талап:
- 6В10102 – «Жалпы медицина» мамандығының интерндері;
- GPA: 2,75 төмен емес
- жоғары қарым-қатынас дағдылары;
- командада жұмыс істеу қабілеті;
- тәртіптік жазалардың болмауы.
Қажетті құжаттар:
- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);
- Өтініш (нысан бойынша);
- Келісім (нысан бойынша);
- Ұсыныс хат;
- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;
- Транскрипт;
- Медициналық анықтама 082 ф.;
- Фото 4 дана 3х4;
- Жарамды төлқұжат.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 10 қараша.
Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, 331 кабинет, немесе эл.мекенжай бойынша: Ghisa@qmu.kz.