Құрметті " ҚМУ " КеАҚ студенттері!
Грузияның BAU халықаралық университетінде 2022-2023 жылғы күзгі семестрде "Жалпы медицина" мамандығының 4 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлықтан өтуге конкурс жарияланады.
Орын саны - 2.
Талап:
- «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері (Бакалавриат);
- ағылшын тілін білу (меңгеру деңгейі: В2-ден төмен емес);
- GPA: 2,75 төмен емес
- жоғары қарым-қатынас дағдылары;
- командада жұмыс істеу қабілеті;
- тәртіптік жазалардың болмауы.
Қажетті құжаттар:
- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);
- Өтініш (нысан бойынша);
- Келісім (нысан бойынша);
- Ұсыныс хат;
- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;
- Транскрипт;
- Медициналық анықтама 082 ф.;
- Фото 4 дана 3х4;
- Жарамды төлқұжат.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі-2022 жылғы 23 тамыз.
Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, 331 кабинет, немесе эл.мекенжай бойынша: Ghisa@qmu.kz.