Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткерлер!

Құрметті мемлекеттік білім беру тапсырысына үміткерлер!

17 Шілде 2022

Сіздер мемлекеттік білім беру тапсырысын беру конкурсына қатысу үшін келесі тәсілдердің бірімен өтініш бере алатыныңызды естеріңізге сала кетейік:

1.  Қарағанды медицина университетінің қабылдау комиссиясына Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40 (сол жақ бұрышынан), 121 каб. мекенжайы бойынша келу арқылы;

2.  Қарағанды медицина университетінің Виртуалды қабылдау комиссиясына келесі сілтеме бойынша қоңырау шалу арқылы: https://jabber-guest.qmu.kz/call/5016

3.  Ең жақын ЖОО-ның қабылдау комиссиясына барып, олар арқылы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ өтініш беру арқылы (ЖОО нөмірі – 30).

МАҢЫЗДЫ: Өтініш бергеннен кейін барлық толық ақпарат ҰТО-ндағы Сіздің жеке кабинетінде пайда болады (ол арқылы сіз ҰБТ-ға тіркелдіңіз):

·  Өтінім беру күні мен уақыты;

·  Өтінімнің мәртебесі;

·  Оқыту түрі;

·  Сіз таңдаған білім беру бағдарламалары топтары мен ЖОО-лар;

·  Квоталар және басым құқықтар (бар болса).

Сәттілік тілейміз және өтініштеріңізді күтеміз!


0
1457

пікірлер

пікір қалдыру үшін.