Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті "ҚМУ" КЕАҚ білім алушылары мен қызметкерлері!

Құрметті "ҚМУ" КЕАҚ білім алушылары мен қызметкерлері!

24 Желтоқсан 2021

Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технология министрлігі парсы тіліне кызығушылық танытқан студенттерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасынан магистратура мен докторантураға екі студентті грант бойынша қабылдауға дайын екендігін хабарлайды.

Берілетін грант шарттары:

1 – Жалпы шарттар:

Білім беру бағдарламасы

Жас шектеуі

бакалавриат

24 жасқа дейін

магистратура

28 жасқа дейін

Докторантура

33 жасқа дейін

2 – Академические условия:

Білім беру бағдарламасы

20 балдық бағалау жүйесі бойынша

өтінім беруге ең төменгі балл

бакалавриат

14 (В)

магистратура

15 (В)

докторантура

16 (А)

3 – Құжаттар тапсыру мерзімі:

5 маусым

1-ші семестр

6 желтоқсан

2-ші семестр

4 – Берілетін жеңілдіктер:

Парсы тілі мен әдебиеті және ирантану мамандығы бойыеша грантқа қабылданғандар тегін оқу мен жатақханамен (жалғыз) қамтамасыз етілуден бөлек, шәкіртақы алады.

- Жеңілдіктерге шәкіртақы (стипендия), жалғыз тұру және медициналық сақтандыру кіреді. Ирандық емес студенттерге берілетін тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Басқа шығындар өтініш берушінің өзіне жүктеледі.

- Сондай-ақ, Қазақстандағы университеттер Ирандағы университеттер тарапынан өткізілетін парсы тілінің онлайн курстарын пайдалана алады.

- Өтініш берушінің бару-қайту билеті төленбейді.

5 – Өтінім беру үшін қажетті құжаттар:

1 – Алдыңғы оқу бағдарламасында алған дипломдары мен транскрипттерінің аударылған және куәландырылған көшірмесі (парсы немесе ағылшын тілінде)

2 – Жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болатын төлқұжатының көшірмесі

3 – Денсаулық туралы анықтама

4 – Екі дана фотосурет

5 – Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына өтінім бергендерге профессорлардан үш ұсыным хат (тек Иран Ислам Республикасының университеттерінде оқыған адамдар үшін)

6 - /http://saorg.ir:808  грант беру жүйесінде тіркеліп, штрих код алу

7 – Грантақа өтінім беру сауалнамасын толтыру (қосымшада жолданып отыр)

8 – Қосымшадағы файлдың студентті ұсынушы ұйым тарапынан толтырылуы

Тілек білдірушілердің тізімін ұсынудың соңғы мерзімі 25 қаңтар 2022 жыл.

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы Ғиса Данаға хабарласуыңызды сұраймыз, 331 кабинет.


0
1626

пікірлер

пікір қалдыру үшін.