Құрметті " ҚМУ " КеАҚ студенттері!
University of Ostrava, Чехияда 2021-2022 жылғы көктемгі семестрде
"Жалпы медицина" мамандығының 4 курс студенттері үшін академиялық
ұтқырлықтан өтуге конкурс жарияланады.
Орын саны-2.
Талап:
- «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері (Бакалавриат);
- ағылшын тілін білу (меңгеру деңгейі: В2-ден төмен емес);
- GPA: 2,75 төмен емес
- жоғары қарым-қатынас дағдылары;
- командада жұмыс істеу қабілеті;
- тәртіптік жазалардың болмауы.
Қажетті құжаттар:
- Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы (нысан бойынша);
- Өтініш (нысан бойынша);
- Келісім (нысан бойынша);
- Ұсыныс хат;
- Жеке оқу жоспарының көшірмесі;
- Транскрипт;
- Медициналық анықтама 082 ф.;
- Фото 4 дана 3х4;
- Жарамды төлқұжат.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі-2021 жылғы 20 желтоқсан.
Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, 331 кабинет.