Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру!

Хабарландыру!

20 Қыркүйек 2021

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша Жанар Рахимқызы Шаймерденованың философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Тықыр жусан терпеноидтары негізіндегі жаңа дәрілік заттар және оларды өндіру технологиясы» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғауы өтеді.

Диссертация «Фитохимия» халықаралықғылыми-өндірістікхолдингіндеорындалды.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Диссертацияны қорғау тілі: орыс.

Ресми рецензенттер:

1) Владимир Сергеевич Чучалин – фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сібір мемлекеттік медицина университеті» жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің фармацевтикалық технология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, Томск қ., Ресей;

2) Динара Шакенқызы Таржанова – медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» КеАҚ жалпы фармакология кафедрасының меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілер:

Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов – ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің бас директоры, Қарағанды қ., Қазақстан.

Шетелдік кеңесші:

Темел Озек – PhD, Анадолу университетінің профессоры, Ескешехир қ., Түркия Республикасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1) Дмитрий Александрович Берилло – PhD докторы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының меңгерушісі;

2) Алма Боранбекқызы Шүкірбекова – фарм.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі;

3) Фатима Мағауияқызы Смағұлова – фарм.ғ.к., Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Диссертацияны қорғау 2021 жылдың 20 қазанында сағат 14.00-де ҚМУ КеАҚ жанындағы 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте онлайн-форматта Cisco Webex платформасында өткізіледі (идентификатор 2510 574 5653, пароль dpTYucpb778).

Cайт мекен-жайы: www.qmu.edu.kz


0
1864

пікірлер

пікір қалдыру үшін.