Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

01 Наурыз 2021

«Қарағанды медицина университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

100000, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40

Тел.: 8 (7212) 50-39-30

Факс: 8 (7212) 51-89-31

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Медицина университетінің клиника

Бас дәрігер – 1 бірлік

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік

Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік

Отбасылық медицина кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік

  Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты – 2021 жылғы 2 наурыз бастап 2021 жылғы 16 наурыздан дейін, сағат 18.00-ге дейін.

КеАҚ ҚМУ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры атына өтініш. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1.  Жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2.  Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3.  Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаласы;

4.  Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);

5.  Сондай-ақ конкурс өткізуге арналған хабарландыруда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар төмендегі құжаттарды: мінездемені, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейңне қасысты қосымша ақпаратты, ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімін қоса бере отырып, КеАҚ ҚМУ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына өтініш береді.

Бөлімше басшысының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалар бөлімшенің стратегиялық дамуы туралы презентацияны қосымша дайындауы тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Медицина университеті клиникасының бас дәрігері лауазымына тағайындалуына– медицина саласындағы жоғары білім, экономика/ қаржы және кредит/ құқық/ бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «қоғамдық денсаулық сақтау», «денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторыны4 болуы6 денсаулық сақтау саласында басшылық.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі лауазымына– жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің КОКСОН ұсынған басылымдарда кемінде 3 жарияланымы немесе Scopus-та кемінде 1 мақаласы, кемінде 10 жыл педагогикалық өтілі болуы тиіс.

Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі лауазымына – жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, соңғы 5 жылда Clarivate analytics, Scopus – та индекстелетін журналдарда кемінде 1 мақаланың болуы, кемінде 10 жыл педагогикалық өтілінің болуы.

Отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі лауазымына - жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, соңғы 5 жылда Clarivate analytics, Scopus – та индекстелетін журналдарда кемінде 1 мақаланың болуы, кемінде 10 жыл педагогикалық өтілінің болуы.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыз:

Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 40, адам ресурстарын басқару департаменті комиссия хатшысы Л.И. Саакян

Электрондық пошта: Saakyan@qmu.kz

(каб. 218) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1672)


0
828

пікірлер

пікір қалдыру үшін.