Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Қарағанды медициналық университетіне денсаулық сақтау саласындағы докторлық бағдарламаларға түсуге ниет білдірген кандидаттар!

Қарағанды медициналық университетіне денсаулық сақтау саласындағы докторлық бағдарламаларға түсуге ниет білдірген кандидаттар!

29 Қаңтар 2021

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне» сәйкес «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ келесі білім беру бағдарламаларына алдын-ала таңдау туралы хабарлайды:

«8D10100 Медицина», «8D10101 Мейіргерлік ғылым»,

«8D10139 Денсаулық сақтау»,

«8D10140 Фармация».

Құжаттар 25.05.2021 жылға дейін қабылданады. talapker@qmu.kzэлектронды поштасына (сканерленген түрде, кейін құжаттардың түпнұсқалары қабылдау комиссиясына тапсырылады) немесе Қарағанды қ.,  Гоголя көш., 40; 255, 259 каб. қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Ұйым басшысының атына өтініш.

2. Жеке куәлік көшірмесі.

3. Жоғары білім туралы сертификат көшірмесі.

4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі (өткен жылдар түлектері үшін) немесе оқу орнынан анықтама (әлі оқитындар үшін).

5. Еңбек кітапшасының көшірмесі.

6. Мотивациялық эссе ағылшын / француз / неміс тілдерінде.

7. Формадағы ғылыми жұмыстардың тізімі (бар болса).

8. Диссертациялық зерттеудің аннотациясы.

Құжат формаларын келесі сілтемеден http://www.qmu.edu.kz/ru/advertisement/view/3812жүктеуге болады.

Сұхбат  2021 жылдың 25 мамырынан 31 мамырына дейін өтеді. Алдын-ала іріктеудің нәтижесі 30.06.2021 жылға дейін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы байланысуға болады: +7 (7212) 50-06-35 немесе +7 (7212) 50-39-30 (ішкі 1340), +77781090309 (IP 1494).


0
1338

пікірлер

пікір қалдыру үшін.