Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

BigIdeas Camp 2020!

12 Қараша 2020

Достар, «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасының жұмыс тобы қуанышты жаңалықты жариялауға асығады – 13 қарашада  BigIdeasCamp кәсіпкерлік мектебі басталады!

  Кәсіпкерлік bootcamp университетіміздің 2 курсынан бастап және одан жоғары курс студенттерін қатысуға шақырады. 

BigIdeasCamp– бұл өзіңіздің жаңаруыңызға, жеке стартап жасауға дайын чек-парақтар, өнім немесе жобаңызды құруға арналған құралдар алу мүмкіндігі.

  BigIdeasCamp-та қатысушыларды 25 сағаттық қарқынды жұмыс, тренингтер мен «отыр және жаса» режимінде қонақтар кездесуі болады. Менторлармен жұмыс және практикалық сабақтар желтоқсан-ақпан аралығында BigIdeasMarathon стартаптарын іске қосу марафоны шеңберінде өтеді.

  BigIdeasCamp спикерлері және шақырылған қонақтары практиктер, бизнес-тренерлер, белсенді кәсіпкерлер және бизнесмендер болады.

  – BigIdeasCamp маған кәсіпкерлік туралы білімімді кеңейтуге көмектесті. Мен осында алғашқы тәжірибемді алдым, – дейді Анна Рыбалкина, #EcoSystemERG резиденті, Қарағанды медицина университеті студенті. – Ұзақ уақыт бойы есімде қалатын ең керемет нәрсе «кез-келген проблеманың шешімі бар».

   2018 жылы біздің университеттің студенттері Савин Никита, Ким Александра и Куанышбаева Гульназ кэмптің жеңімпаздары атанды және өз кәсіптерін бастау үшін қаражат алды. Сенде өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Тіркеу ашық және сілтеме бойынша қол жетімді:http://bit.ly/bigideacampreg


0
2318

пікірлер

пікір қалдыру үшін.