Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

22 Шілде 2020

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Академиялық жұмыстар департаменті

Директор-1 бірлік

Фармация мектебі

Декан-1 бірлік

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Кафедра меңгерушісі - 1 бірлік.

Биомедицина кафедрасы

Кафедра меңгерушісі– 1 бірлік.

Ішкі аурулар кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.

Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.

Хирургиялық аурулар кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік.

Отбасылық медицина кафедрасы

Кафедра меңгерушісі - 1 бірлік.

Тілдерді дамыту орталығы

Орталық басшысы– 1 бірлік.

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты-2020 жылғы 22 шілдеден бастап 2020 жылғы 5 тамызға дейін, сағат 18.00-ге дейін.

Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар МУК КЕАҚ адам ресурстарын басқару департаменті директорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар және т. б.).

Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар МУК КЕАҚ адам ресурстарын басқару департаменті директорының атына мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді: мінездемелер, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізіміне қатысты қосымша ақпарат, Ғылыми хатшы растаған.

Бөлімше басшысының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша бөлімшенің стратегиялық дамуы туралы презентация дайындауы тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Академиялық жұмыстар департаментінің директоры лауазымына - жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Фармация мектебінің деканы лауазымына-жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білімі, ғылыми дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, Білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.

Кафедра меңгерушілері лауазымына-жоғары білім, ғылыми дәреже немесе магистр академиялық дәрежесі, соңғы 3 жылда Clarivate analytics, Scopus индекстелетін журналдарда негізгі автор ретінде (тоқсан=Q3 және одан жоғары) кемінде 2 мақала, Clarivate analytics немесе Scopus базасында Хирша индексінің болуы.

Тілдерді дамыту орталығының басшысы лауазымына-жоғары білім, ғылыми дәрежесі, педагогикалық, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Анықтама алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады::

Қарағанды қ., Гоголь көш., 40, адам ресурстарын басқару департаменті

(каб. 218) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1206, 1672)


0
2195

пікірлер

пікір қалдыру үшін.