Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

21 Сәуір 2020

 «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да «Этиологиясы әртүрлі созылмалы аурулар кезінде анемиясы бар жүкті әйелдердің қандағы метаболитикалық өзгерістердің сипаттамасы» тақырыбында 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге Вазенмиллер Дмитрий Владимировичтың диссертация қорғауы өтеді.

Диссертация «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да орындалды.

Қорғау тілі: орысша.

Рецензенттер:

Укыбасова Талшын Мухадесовна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «UMC» Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан.

Мамалинова Гульбан Копеевна - медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «Карағанды қаласының Перинаталдық орталығы» КМК-ң директоры, Карағанды қаласы, Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілер:

Муравлева Лариса Евгеньевна – биология ғылымдарының докторы,  «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ң биологиялық химия кафедрасының профессоры, Карағанды қаласы, Қазақстан.

Понамарева Ольга Анатольевна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ң биологиялық химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Карағанды қаласы, Қазақстан.

Шетелдік кеңесші:

Комличенко Эдуард Владимирович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «В.А.Алмазов атындағы ҰМЗО»Жоғары білім беретін федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің  перинатология және педиатрия институтының директор орынбасары, Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы.

Қорғау 2020 жылдың 21 мамырында сағат 14.00-де онлайн режимде өтеді. Карантиндік шаралар тоқтатылған жағдайда, қорғау штаттық түрде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да, келесі мекен жай бойынша өтеді: 100008, Қарағанды қ., Гоголь көшесі 40, 2 қабат, каб. 225, Отырыстар залы.


0
2350

пікірлер

пікір қалдыру үшін.