Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

04 Ақпан 2020

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Медицина университетінің клиникасы

Директор – 1 бірлік

Медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары – 1 бірлік.

Құжаттарды соңғы  қабылдау күні мен уақыты – 30 қаңтардан бастап 12 ақпанға аралығында, сағ.18.00 дейін.

1.  Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар өтінішті (еркін үлгіде) ҚМУ КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына жазады:

Өтінішпен бірге келесі құжаттар керек:

1)  жеке бас куәлігінің көшірмесі және текесріп салыстыру үшін түпнұсқасы;

2)  жоғарғы білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

3)  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4)  ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болса);

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшысының мінездемесі және т.б.).

 Университетте қызмет ететін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар келесі құжаттарды қосымша ұсына отырып,  ҚМУ КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына өтініш жазады: мінездеме, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, ғылыми хатшымен куәландырылған ғылыми жұмыстары мен өнертабыстар тізімі.

Бөлімше басшысы бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар бөлімшенің стратегиялық дамуына арналған презентацияны қосымша дайындауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Медициналық университет клиникасының директоры лауазымына – жоғары медициналық білім, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының (қауымдастырылған профессор немесе доцент, профессор), "денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша бастапқы қайта даярлаудан өту сертификатының болуы.

Медициналық университет клиникасының медициналық бөлімі бойынша директордың орынбасары лауазымына - жоғары медициналық білімі, мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының және (немесе) "қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтау ұйымдарында басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Анықтама алу үшін келесі мекенжайға хабарласуға болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

(218 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1206, 1672)


0
1998

пікірлер

пікір қалдыру үшін.