Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

03 Қазан 2019

 «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Жедел медициналық көмек кафедрасы

Ассистенті  – 1 бірл.

Мейірбикелік білім беру мектебі

Оқытушы  – 1 бірл.

Құжаттарды соңғы  қабылдау күні мен уақыты – 01 қазанынан бастап 14 қазан аралығында, сағ.18.00 дейін.

1.  Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар өтінішті (еркін үлгіде) ҚМУ КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына жазады:

Өтінішпен бірге келесі құжаттар керек:

1)  жеке бас куәлігінің көшірмесі және текесріп салыстыру үшін түпнұсқасы;

2)  жоғарғы білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

3)  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4)  ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болса);

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшысының мінездемесі және т.б.).

 Университетте қызмет ететін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар келесі құжаттарды қосымша ұсына отырып,  ҚМУ КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына өтініш жазады: мінездеме, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, ғылыми хатшымен куәландырылған ғылыми жұмыстары мен өнертабыстар тізімі.

Бөлімше басшысы бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар бөлімшенің стратегиялық дамуына арналған презентацияны қосымша дайындауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жедел медициналық көмек кафедрасының ассистенті лауазымына – жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар дәрігер, 5 жылда бір рет Clarivate analytics, Scopus индекстелетін журналдарда 1 мақаланың болуы.

Мейірбикелік білім беру мектебінің оқытушысы лауазымына – жоғары білім, ғылыми немесе магистр академиялық дәрежесі, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар дәрігер, Clarivate analytics индекстелетін журналдарда 1 мақаланың болуы, 5 жылда бір рет Scopus..

Анықтама алу үшін келесі мекенжайға хабарласуға болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

(214, 221 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1236, 1303)


0
1944

пікірлер

пікір қалдыру үшін.