Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

01 Қазан 2019

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Биология кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірл.

Әскери кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – 1 бірл.

Виварий

Виварий меңгерушісі – 1 бірл.

Құжаттарды соңғы  қабылдау күні мен уақыты – 01 қазанынан бастап 14 қазан аралығында, сағ.18.00 дейін.

1.  Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар өтінішті (еркін үлгіде) ҚМУ КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына жазады:

Өтінішпен бірге келесі құжаттар керек:

1)  жеке бас куәлігінің көшірмесі және текесріп салыстыру үшін түпнұсқасы;

2)  жоғарғы білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

3)  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4)  ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болса);

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшысының мінездемесі және т.б.).

 Университетте қызмет ететін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар келесі құжаттарды қосымша ұсына отырып,  ҚМУ КеАҚ адами ресурстарды басқару департаменті директорының атына өтініш жазады: мінездеме, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, ғылыми хатшымен куәландырылған ғылыми жұмыстары мен өнертабыстар тізімі.

Бөлімше басшысы бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар бөлімшенің стратегиялық дамуына арналған презентацияны қосымша дайындауға міндетті.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Кафедра меңгерушісі қызметіне – жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе магистр академиялық дәрежесі, Clarivate analytics индекстелген журналдарда 2ден кем емес мақала, негізгі автор ретінде (квартиль=Q3, Q4) соңғы 3 жылдағы Scopus, Хирш Индексі – Clarivate analytics немесе Scopus базасы бойынша 1 болу керек.

Әскери кафедра меңгерушісі қызметіне – жоғары білімі немесе әскери оқу орнының түлегі, офицерлік әскери атағы, оның ішінде запастағы офицерлер  болуы керек.

Виварий меңгерушісі қызметіне – жоғары кәсіби (биологиялық) білімі және сала бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек.

Анықтама алу үшін келесі мекенжайға хабарласуға болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

(214, 221 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1236, 1303)


0
2285

пікірлер

пікір қалдыру үшін.