Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

01 Наурыз 2019

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Бас бухгалтер  – 1 бірл.

Өтініштерді тапсыру мерзімі  – өтініштер хабарландыру шыққан күннен бастап он төрт күнтізбелік күннен кешікпей бос қызмет орындары конкурсына тапсырылады.

Құжаттарды соңғы  қабылдау күні мен уақыты – 15 наурыз 2019 жыл, сағ.18.00.

1)  Университетте жұмыс істемейтін және кейіннен еңбек шартын бекіте отырып, конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар өтінішті (еркін үлгіде) жоғарғы оқу орны басшысының атына жазады:

Өтінішпен бірге келесі құжаттар керек:

1)  Қызметкерлер құрамын есепке алу бойынша жеке парақ;

2)  өмірбаян;

3)  жоғарғы білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4)  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

5)  ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болса);

6)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (№6697 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 086 үлгі бойынша медициналық анықтама;

7)   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде берілетін есеп бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоқтығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшысының мінездемесі және т.б.).

2) Университетте қызмет ететін және конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар келесі құжаттарды қосымша ұсына отырып,  жоғарғы оқу орны басшысының атына өтініш жазады: мінездеме, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады, конкурстық парақ.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Бас бухгалтер қызметіне –жоғары кәсіби (экономикалық) білімі және қаржылық-экономикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы қажет.

Анықтама алу үшін келесі мекенжайға хабарласуға болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш. 40, Адами ресурстарды басқару департаменті

(214, 221 каб.) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1236, 1303)


0
1679

пікірлер

пікір қалдыру үшін.