Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

25 Сәуір 2019

Сіздерді «Терапияның өзекті мәселелері 2019» халықаралық студенттік ғылыми-білім беру телеконференциясына қатысуға шақырамыз

Өткізілетін күні 30 сәуір 2019 жыл

Конференцияның басталу уақыты 10.00 сағат (Уфа уақытымен) және 11.00 сағат (Қарағанды уақытымен)

Конференция мақсаты – заманауи медициналық ғылымның өзекті мәселелерін шешу үшін жас зерттеушілерді қатыстыру және емдеу мен жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттері үшін клиникалық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін талқылау алаңын құру.

Конференцияның негізгі ұйымдастырушылары Ресей денсаулық сақтау Министрлігінің «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» ЖБ ФМББМ, факультеттік терапия кафедрасы (Ресей Федерациясы) және «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, №2 ішкі аурулар кафедрасы (Қазақстан Республикасы).

Талқылау үшін негізгі сұрақтар:

- Бронхобструкциялық синдром диагностикасы

- Жүрекше фибрилляциясы кезіндегі тромбоэмболиялық асқынулар қатері

- Ауруханадан тыс пневмонияның этиологиялық диагностикасы

- Бастапқы билиарлы холангит дамуының қауіп-қатер факторы

- Күретамырлы қысымның көтерілуі кезінде миокардты қайта моделдеу мәселелері

  - Жүрек-тамырлық жағдай және лептинорезистенттілік қауіп-қатер факторлары

Қосымша ақпарат және конференция бағдарламасы Ресей денсаулық сақтау Министрлігінің БММУ ЖБ ФМББМ (http://bashgmu.ru) ресми сайтында және «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ http://www.qmu.edu.kz/ru интернет желісінде орналастырылған.

Ресми тілдер: орыс, ағылшын.

Қатысу формасы: белсенді.

Конференцияның өткізілетін орны: Уфа қ., мекен-жайы: Ленин к-сі, 3 үй, 120 аудитория; Қарағанды қ., мекен-жайы: Гоголь к-сі, 40, 227 аудитория 

Қатысушылар: Ресей денсаулық сақтау Министрлігінің БММУ ЖБ ФМББМ емдеу факультетінің 4 курс студенттері, факультеттік терапия кафедрасы (Ресей Федерациясы) және «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері, №2 ішкі аурулар кафедрасы (Қазақстан Республикасы).

«ТЕРАПИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 2019» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ТЕЛЕКОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құттықтау сөз:

·  Мирсаева Гульчагра Ханифовна - Ресей денсаулық сақтау Министрлігінің «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» ЖБ ФМББМ факультеттік терапия кафедрасының меңгерушісі, профессор

·  Ларюшина Елена Михайловна – Қазақстан Республикасының «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, доцент

Пленарлық отырыс

Модераторлары:

·  Мирсаева Гульчагра Ханифовна

·  Ларюшина Елена Михайловна

·  Койгельдинова Шолпан Секербаевна

·  Мавзютова Гузель Анваровна

«Бронхобструкциялық синдром диагностикасындағы бронхдилатациялық тесті» (БММУ ЖБ ФМББМ) - Казыханова Ч.; Сираева А., БММУ ЖБ ФМББМ Л-414Б тобы

«Жүрекше фибрилляциясы: тромбоэмболиялық асқынуларды бағалау» - Крылов А., «ҚМУ» КЕАҚ ЖМ 4-038 тобы

«Ауруханадан тыс пневмонияның заманауи этиологиялық диагностикасы» (БММУ ЖБ ФМББМ) - Шафиков Н.; Давлетшина Э.,БММУ ЖБ ФМББМ Л-401Б тобы

«Бастапқы билиарлы холангиті бар науқастар дебютінің қауіп-қатер факторы және ерекшеліктері» - Амирова Ж., «ҚМУ» КЕАҚ ЖМ 4-037 тобы

«Күретамырлы қысымның көтерілуі кезінде миокардты қайта моделдеу түрлері» (БММУ ЖБ ФМББМ) - Сабиров Т.; Ахметшин А.,БММУ ЖБ ФМББМ Л-414А тобы

«Лептинорезистенттілік және қауіп-қатері бар тұлғаларда инсулинрезистенттілік дамуындағы олардың ролі» - Конысов Е., «ҚМУ» КЕАҚ ЖМ 4-038 тобы

Телеконференцияның салтанатты жабылуы

Баяндау уақыты - 13 минут

Баяндама бойынша пікірталас - 5 минут


0
2967

пікірлер

пікір қалдыру үшін.