Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚМУ «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері!

Құрметті ҚМУ «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері!

19 Сәуір 2019

Люблин Медицина университетінде (Польша, Люблин қаласы) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өндірістік тәжірибеге қатысу үшін конкурс жарияланады.

Орын саны: 5.

Ұтқырлықтың мерзімі: 2019 жылдың 3 маусымынан 7 шілдеге дейін.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

   GPA деңгейі 2,95 кем емес;

  академиялық қарыздардың болмауы;

  тәртіптік шаралардың болмауы;

  ҚММУ этикалық кодексініңбұзылмауы;

  ағылшын тілі деңгейі – В2;

  жарамды төлқұжат.

Шарттары:

  ҚМУ жолақы және тұруы шығындарын төлейді;

  Визаны рәсімдеу және медициналық сақтандыру шығындары студенттер қаражаты есебінен төленеді.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2019 жылдың 26 сәуірі сағат 13-00-ге дейін.

Өтінімдер күн сайын халықаралық ынтымақтастық бөлімінде (Гоголь көш., 40, 331 - кабинет) сағат 18-00-ге дейін қабылданады. 


0
2960

пікірлер

пікір қалдыру үшін.