Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті достар!

Құрметті достар!

29 Наурыз 2019

Қарағанды медицина университеті жастардың арасында тиімді өмірлік стратегия ретінде кәсіпкерлікті насихаттау, сондай-ақ жастардың экономикалық және іскерлік ортадағы әлеуметін дамытуды күшейту мақсатында студенттік бизнес-идеялар мен стартап-жобалар байқауына қатысуға шақырады.

Үздік жобалар 11-12 сәуірде өтетін «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» ERG Group жобасының шеңберінде «Кемел Кәсіпкер» чемпионатында ұсынылады.

Ол үшін не қажет?

1.Қарағанды Медицина университеті студенттері қатарынан 4-5 адамнан құралған топ құру (Аты-жөні., топ, байланыс мәліметтері);

2.Жобаны немесе идеяны ұсынуды қамтамасыз ету, соның ішінде:

-жобаның немесе идеяның қысқаша сипаттамасы;

-әлеуетті клиенттердің сипаттамалары және олармен қарым-қатынас (жылжыту және өткізу арналары);

-шығындар мен кірістер құрылымы;

-жобалардың жоспарлары мен осы жоспарларға қол жеткізу көрсеткіштері.

«Кемел Кәсіпкер» чемпионатының жеңімпаздары Summer Boot Camp жазғы оқу лагерінде тегін оқуға жолдама алады.

Өтініштерді 2019 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) incubation@qmu.kz электрондық мекен-жайына жіберу керек. 

Байланыс ақпараты: «Іскерлік білім беруді енгізу және дамыту бойынша» жоба менеджері Урмашов Александр Николаевич, urmashov@qmu.kz, +7 7212 50 39 30 (ішкі 1273).


0
3323

пікірлер

пікір қалдыру үшін.