Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚМУ студенттері!

Құрметті ҚМУ студенттері!

12 Ақпан 2019

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 2019-2020 академиялық жылға арналған «Мевлана» алмасу бағдарламасы аясында Ататүрік университетінде (Түркия) оқу үшін өтініштерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды!

Байқауда «Жалпы медицина» мамандығының студенттері, сонымен қатар «Медицина» мамандығының магистранттары мен докторанттары қатыса алады.

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 2019 жылдың 25 ақпаны.

Өтініштер онлайн түрде келесі сілтеме арқылды қабылданады: http://oia.atauni.edu.tr/application/student/

Талаптар:

- Конкурста ассоциат, бакалавр, магистр және доктор дәрежелерін алуға оқып жатқан студенттер қатыса алады;

- Ассоциат және бакалаврлар үшін GPA балы кемінде 2,5/4,00 болуы шарт;

- Магистрлар мен докторанттар үшін GPA балы кемінде 3,00/4,00 болуы шарт.

Дайындық бағдарламаларында немесе бакалавриаттың бірінші курсында оқитын, сонымен қатар магистратура мен докторантураның ғылыми дайындық бағдарламалары бойынша оқитын студенттер оқудың бірінші семестрінде бағдарламаға қатыса алмайды.

Іріктеуден өткен студенттер 1200 TL көлеміндегі ай сайынғы грантқа ие болады. Бір семестр 4 ай болып есептеледі. Студенттер шәкіртақының 80%-ын оқу басында алатын болады. Қалған 20% -ы курс аяқталғаннан кейін беріледі.

Бағдарлама бойынша қосымша ақпараттарды алу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне жүгінуге болады (Гоголь көш., 40, 331 каб.).


0
3234

пікірлер

пікір қалдыру үшін.