Құрметті «Жалпы медицина» мамандығының «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыты бойынша дайындығының 6-курс студенттері!
Рязань мемелекеттік университетінде оқуға байқау жарияланады (Ресей Рязань қаласы).
Орындар саны: 10
Кезең: 2019 жылдың 12 семестрі
Пәндер:Жалпы дәрігерлік тәжірибе, Науқас бағдарланған күтім, Клиникалық -зертханалық диагностика
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
∙ GPA деңгейі 3,00 кем емес;
∙ академиялық қарыздардың болмауы;
∙ тәртіптік жазалардың болмауы;
∙ ҚММУ этикалық кодексінің бұзылмауы;
∙ жарамды медициналық кітапшаның болуы.
Шарттары: жол ақысы университет тарапынан төленеді. Тұратын орны қабылдайтын университет тарапынан
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- оқытушыдан ұсыныс хат
- жеке оқу жоспарының көшірмесі
- транскрипттің көшірмесі
- 082 медициналық анықтамасы
- 4 фото 3х4
- паспорттың көшірмесі
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2019 жылдың 4 ақпанына дейін. (қоса алғанда)
Өтініштер Халықаралық ынтымақтастық бөлімінде, 331- кабинетте қабылданады.