Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті білім алушылар, студенттер, резиденттер, магистранттар және докторанттар!

Құрметті білім алушылар, студенттер, резиденттер, магистранттар және докторанттар!

21 Қаңтар 2019

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Сіздерді 2019 жылдың ақпан айының 27-ші жұлдызында өтетін университет ішіндегі жас ғалымдар арасында «Рухани жаңғыру- жастардың ғылыми және қоғамдық санасын жаңғырту механизмі» атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясына шақырады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

I.  «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті»  секциясы

II.  «Студенттердің тілдік дайындығының заманауи жағдайы» секциясы

III.  «Білім беру-Қазақстан қоғамын жаңғыртудың іргелі факторы» секциясы

Конференция тілі: қазақ,орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 13 ақпанына дейін  файлдармен бекітілген төменгі аталған материалдарды ұйымдастыру комитетіне e-mail –conference_qmu2019 @mail.ru жіберу қажет:

-мақала мәтіні (рәсімдеу үлгісі қоса беріледі);

- конференцияға қатысуға өтінім (нысаны қоса беріледі);

Конференция нәтижелері бойынша жинақтың электронды нұсқасының басылымы жоспарланады (тегін).

Конференцияның тақырыбына сәйкес келмеген, сонымен қатар көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған мақалалар, конференция жұмысының шеңберінде қарастырылмайды.

Қатысу формасы: баяндама жасап сөз сөйлеу (қатысушы сертификаты).

МАҚАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫНТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Жіберілген мақалалар мұқият өңделген және келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

-  баяндаманың көлемі- А4 5 беттен артық емес А4  (кестелер мен суреттерді қоса);

-  шрифт – Times NewRoman, Kz Times New Roman, кегль 14;

-  шегі – жоғары және төмен– 2 см, сол жағынан – 3 см, оң жағынан – 1,5 см;

-  жоларалық интервал – бір жарым;

-  азат жол басындағы бос жер – 1,25см.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

МАҚАЛАЛАР АТАУЫ

Иванова М.И., Петров И.И.

(ғылыми жетекшісі– п.ғ.к. Бурмистрова В.А.)

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Шетел филологиясы филологияның маңызды бағыттарының бірі болып табылады, ол тікелей байланысты ...................

Қолданылған ақпарат көздері

Захарова, Т.В. Неміс тілінің саяси неологизмдерін қалыптастыру мәселесі бойынша / Т.В. Захарова, О.М. Снигирева // Филология ғылымдары. Теория және тәжірибе мәселелері. - 2015. - № 10. – Б. 97-99.

Конференцияны өткізу орны және уақыты:

100000, Қазақстан Республикасы

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 40.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Конференция ұйымдастыру комитетіне барлық сұрақтар бойынша хабарласу:

Ұйымдастыру комитетінің тел.: 8 (7212) 50-39-30 (ішкі. 1727, 1382).

Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысыКабуш Татьяна Юрьевна (моб. телефондар: 8  8 700 410 99 14);

Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Кельмаганбетова Айман Сагинтайқызы (моб. телефондар: 8 700 309 96 78);

Оқытушы Керимбекова Меруерт Женисовна (моб. телефон: 8 775 349 68 22)

Оқытушы Тынымбаева Маншук Еркеновна (моб. телефон: 8775715 44 59)

Конференцияға қатысуға өтінім үлгісі

Қатысушының  тегі, аты, әкесінің аты

Мамандығы,оқу жылы

Ғылыми жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Телефон

E-mail

Баяндама тақырыбы

Секциясы


0
4450

пікірлер

пікір қалдыру үшін.