Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ студенттері!

Құрметті ҚММУ студенттері!

19 Желтоқсан 2018

Халықаралық ынтымақтастық департаменті 2019-2020 жж., 2020-2021 жылдардағы Эразмус Мундус Бірлескен магистрлік бағдарламасы (EMJMD) бойынша 1-2 жыл ішінде Еуропалық университеттерінде магистратураны оқу үшін стипендияны тағайындау туралы конкурс жариялағанын хабарлайды.

Эразмус Мундус Бірлескен Магистрлік Бағдарламасы - Еуропаның жоғары оқу орындарының халықаралық консорциумы бірлесіп жүзеге асырған халықаралық интеграцияланған оқыту бағдарламасы. Бұл бағдарламаға магистратураға 1 немесе 2 жылға қабылдау жатады.

Студенттер максимум үш түрлі бағдарламаға қатыса алады. Өтінім беру тәртібі, талаптары мен мерзімдері туралы ақпарат алу үшін Сіз қызығушылық аймағын үйлестіретін университеттермен байланысыңыз керек. 

EMJMD бағдарламалары туралы барлық ақпаратты https://eacea.ec.europa.eu/erasmus-plus/library/scholarships-catalogue_en сайтынан алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін күн сайын 9-00-ден 18-00-ге дейін халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз. 


0
3124

пікірлер

пікір қалдыру үшін.