Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Қазақстандықденсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестіктің Қарағанды облыстық филиалы

Қазақстандықденсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестіктің Қарағанды облыстық филиалы

02 Мамыр 2018

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап

2017 - 2018 оқу жылдарына арналған «Үздік оқығаны және кәсіподақта адал еңбегі  үшін» атаулы шәкіртақыны беру үшін байқау жарияланады

1.  «Үздік оқығаны және кәсіподақта адал еңбегі  үшін» «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы»қоғамдық бірлестіктің атаулы шәкіртақысы.

2.  «Үздік оқығаны және кәсіподақта адал еңбегі  үшін» «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестіктің Қарағанды облыстық филиалы атаулы шәкіртақысы.

Шәкіртақы байқау негізінде беріледі

Байқау шарттары:

1.  Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша және оқу жылындағы үздік үлгерім.

2.  Кәсіподақ өткізетін іс-шараларға, кәсіподақ ұйымының қызметіне және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу.

3.  Студенттік ғылыми қоғам жұмысына, түрлі байқауларға, өнертапқыштыққа, оңтайландыруға қатысу.

4.  Салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану. Сауықтыру, мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысу.

5.  Мемлекеттік және шетел тілдерін білу немесе оларды қарқынды зерттеу. 

6.  Компьютерлік сауаттылық.

7.  Қайырымдылық шараларына қатысу.

8.  Оқу орындарының, емдеу мекемелерінің, жатақханалардың ішкі тәртіп ережесі мен нормаларын сақтау.

Портфолионы2018 жылдың 20.05 дейін деканатқа тапсыру қажет.

Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың тамыз айында белгілі болады.

Шәкіртақы 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тағайындалады.


0
4248

пікірлер

пікір қалдыру үшін.