Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ «Жалпы медицина» 3-курс студенттері!

Құрметті ҚММУ «Жалпы медицина» 3-курс студенттері!

29 Наурыз 2018

Акакия Церетели мемлекеттік университетінде  (Грузия, Кутаиси қаласы) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Процедуралық мейірбике көмекшісі» өндірістік тәжірибеге қатысу үшін байқау жариялайды.

Орындар саны: 5.

Ұтқырлықтың мерзімі: 2018 жылдың 15 маусымынан 02 шілдесіне дейін.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

∙  GPA деңгейі 2,95 кем емес;

∙  академиялық қарыздардың болмауы;

∙  тәртіптік шаралардың болмауы;

∙  ҚММУ этикалық кодексінің бұзылмауы.

Шарттары:

∙  ҚММУ жолақы және тұру шығыстарын төлейді.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2018 жылдың 11 мамырына дейін.

Өтінімдерді беру алдында студент Халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттарды жинауы керек:

- Кез-келген мұғалімнен ұсыныс хат

- 082 медициналық анықтама

- жеке оқу жоспарының көшірмесі

- транскрипт

- 4х3х4 фотосурет

- Ағылшын тілі бойынша сертификат (IELTS min5.5, Upper intermediate level )

Өтінімдер күн сайын халықаралық ынтымақтастық бөлімінде (Гоголь көш., 40, 331А - кабинет) сағат 18-00-ге дейін қабылданады.


0
3776

пікірлер

пікір қалдыру үшін.