Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті ҚММУ-нің студенттері!

Құрметті ҚММУ-нің студенттері!

16 Наурыз 2018

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Орталық Арканзас Университетінде, АҚШ халықаралық студенттік ұтқырлық бойынша стипендияға қатысу үшін байқаудың ашылғаны туралы хабарлайды.

Шәкіртақы мөлшері 2500 доллар құрайды.

Оқу мерзімі - 2018-2019 оқу жылының күзгі семестрі.

Онлайн өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі - 2018 жылдың 15-ші сәуірі.

Шарттары:

1. GPA: 3.0 және жоғары.

2. Ағылшын тіліндегі сертификаттардың болуы:

- бакалавриаттың студенттері үшін - TOEFL (PBT) - 450 балл және жоғары, TOEFL (iBT) - 45 балл және жоғары, IELTS - 5.0 және жоғары;

- TOEFL (PBT) - 550 балл және жоғары, TOEFL (iBT) - 79 балл және жоғары, IELTS - 6,5 балл және жоғары.

3. Орталық Арканзас Университетінде тіркелгеннемесе бұрын оқыған студенттердің өтініштері қарастырылмайды.

Қолдану тәртібі:

Халықаралық студенттік ұтқырлық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш беру формасын толтырып, құжаттарды http://uca.edu/international/mobility/ сілтемесі бойынша жүктеу қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

1.  Орталық Арканзас Университетінде сіздің тағылымдамаңыздың мақсаты және бұл ұтқырлыққа қатысу арқылы сіздің болашақ мансабыңызға қандай нәтижелер беретінен көрсететін ағылшын тілінде эссе (максимум 250 сөз).

2.  Сіздің оқу жетістіктеріңізді сипаттайтын оқытушының ұсыныс хаты.

Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз:  Гоголь көшесі 40, 331А кабинеті, Успанова Марьяна Валерьевна.


0
3925

пікірлер

пікір қалдыру үшін.